check

You are here

Үйде отырып-ақ жұмысқа орналасуға болады

жұмысқа орналасу

Жыл сайын еңбек нарығында 2 миллионнан астам қазақстандық жаңа  жұмысқа тұрады немесе жұмысын ауыстырады. Жұмыспен қамту процесін жеңілдету үшін ағымдағы жылы Электрондық еңбек биржасы (www.enbek.kz) іске қосылды.

Бүгінгі күні бұл ресурс елдегі 61 мың жұмыс беруші мен 230 мың жұмыс іздеушілердің басын біріктірді және 126 мың адам жұмыс тапты. Электрондық Еңбек биржасы туралы барлық ақпараттар пайдаланушылардың қай өңірде орналасқанына қарамастан барлығына бірдей және тәулік бойы қолжетімді. 

Мәлемттер базасы жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, онлайн-алаңдардың жұмыспен қамту туралы ақпараттарымен толығады.

Жалпы Электронды еңбек биржасына 45 жекеменшік жұмыспен қамту агенттігі, 4 БАҚ және 6 жұмыс іздеу бойынша сайт қосылған. Халыққа ыңғайлы болуы үшін, еңбек биржасының «Facebook», «VK», «ОК», «Twitter», «Instagram» және «Telegram» сияқты әлеуметтік желілерде өз ресми парақшасы ашылды. Портал беттерінде күн сайын еңбек нарығындағы соңғы жаңалықтар, өзекті жұмыс орындары жарияланып тұрады.

«Ауылдық жердегі жұмыссыз азаматтар интернет, кампьютер немесе смартфон болмаған жағдайда қажетті ақпаратты ауыл әкімдігінен алуына болады. «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы да ақпарат жинай алады» -деп атап өтті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Президенті Д.Р. Арғындықов.  

Порталдың көмегімен түйіндемеңіздің мәртебесіне қызығушылық танытқан жұмыс берушілердің пікірлерін қашықта отырып-ақ қарай аласыз. Жұмыспен қамту орталықтарының ұсыныстарын күтпей-ақ,  онлайн-алаңның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып өз бетіңізше жұмыс іздеуге болады.

Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталықтарының мамандары кәсіптік деңгей мен дағдылардың сапасын диагностикалауды жүргізеді, әр азаматтың жеке жұмыс жоспарын әзірлейді. Мұнда микрокредиттеу бойынша барлық қажетті ақпарат және жұмыс орындарына мемлекет субсидияларын алуға, талап етілетін мамандықтар бойынша қысқамерзімді курстарға қатысуға, жастар практикасынан өтуге болады.

2018 жылдың бірінші жартысында қысқа мерзімді оқуға 29,7 мың адам, жастар тәжірибесіне -13,8 мың, әлеуметтік жұмыс орындарына 17,2 мың және қоғамдық жұмыстарға  54 мың азамат жіберілді.

Жұмыспен қамту орталықтарында жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту үшін жұмыс берушілермен арадағы өзара байланыс өзгертілді, яғни жұмыспен қамту орталықтарына арнайы келмей-ақ, бос жұмыс орындарын тіркеудің оңтайландырылған тәртібі енгізілді. Енді порталда тіркеу формасын толтырып, кәсіпорын туралы ақпаратты электрондық цифрлық қолтаңбамен растауға болады.

«Жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталықтарына қажетті біліктілік деңгейі, жалақы мөлшері және басқа да параметрлер туралы ақпаратты ғана жібереді. Мұны электронды еңбек биржасында жеке кабинет арқылы жасауға да болады.» - дейді Д.Р. Арғындықов

Бұл жаңашылдық  кәсіпқой кадр әзірлеуге мүмкіндігі болмай отырған  шағын және орта бизнестің кәсіпорындары үшін өте ыңғайлы.

Сондай-ақ, жұмысқа тұрудың қосымша мүмкіндігі ретінде жұмыс  іздеушілер, жұмыспен қамтудың бірнеше түрлері бойынша аутсорсинге қойылған жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерінің тегін қызметіне жүгіне алады. Ағымдағы жылдың аяғына дейін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің көмегімен 15 мыңға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.

20 тамыз, 2018 - 18:08 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші