check

You are here

2018 жылғы «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» өңірлік байқауы өз мәресіне жетті

Үздік әлеуметтік жобалар

Еліміздің барлық өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша байқау өз мәресіне жетті. Өңірлік байқауға ұсынылған 318 өтінімнен 49 жоба жеңімпаз атанды, олар Астанада өтетін «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық көрмесінде таныстырылатын болады.

Ағымдағы жылы наурыздың 1-інен 30-шы маусымға дейін байқау шеңберінде үш жүзден астам автор өз жобаларын ұсынды, оның ішінде:

1. «Тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету» бағыты бойынша 116 өтінім түсті;

2. «Қиын өмірлік жағдайдан шығуға көмек көрсету» бағыты бойынша 60 өтінім түсті;

3. «Әлеуметтік салада еріктілер қозғалысын дамыту» бағыты бойынша 53 өтінім түсті;

4. «Мүгедектігі бар тұлғаларды қоса алғанда, азаматтарды жұмыспен қамтуға ықпал жасау» бағыты бойынша 47 өтінім түсті;

5. «Әлеуметтік проблемаларды шешудегі ақпараттық жылжу» бағыты бойынша 42 өтінім түсті.

Республикалық кезеңнің үздік жұмыстарын байқау комиссиясы анықтайтын болады, қазіргі уақытта олар өңірлерден ұсынылған жобалармен танысуда. «Нұр Отан» партиясы мен Қазақтан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайттарында 22 тамыз бен 22 қыркүйек аралығында жүргізілетін онлайын дауыс беру нәтижесімен көрермен көз айымы жеңімпаздары анықталатын болады.

Айта кететін жәйт, ағымдағы жылы ұсынылған өтінімдер саны екі есеге өскен. Егер 2017 жылы байқауға қатысу үшін 155 өтінім ұсынылса, осы жылғы өтінімдер саны 318-ге жетті. Бұл әлеуметтік жобаларға жұртшылық назарының жоғары болуы, сонымен бірге жергілікті жердегі қатысушылардың белсенді жұмыс есебінен жұмыспен қамтылуының кеңеюі болып отыр.

Осы орайда байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау ағымдағы жылы қыркүйек айында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» көрмесін ұйымдастыру аясында өткізіледі.

Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша жоба авторларына өз жұмыстарын көрсетуге мүмкіндік берілетін болады. Олардың ішінен халықты қызықтырып қана қоймай, әрі қарай мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және басқа да мүдделі тұлғалардың қолдауымен тәжірибелерін жүзеге асыратынына біз сенімдіміз.

Аталған байқау өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың мәселелерін шешуге азаматтық қоғамның назарын аудару, толыққанды өмір сүру үшін тең мүмкіндіктерді жасау және шығармашылық деңгейін дамытуға бағытталғанын атап өткіміз келеді.

Республикалық байқаудың ұйымдастырушылары Нұр Отан партиясы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоры.

18 тамыз, 2018 - 12:35 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші