You are here

Указ ""ҚР азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" ҚР Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы"

«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., № 23, 284-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесінде және оларға қойылатын талаптарда:

реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

 6.

Дәрігер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Медицина саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, ғылыми-зерттеу жұмыстарының және халықаралық маңызы бар iзденiстерiнiң, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ мамандануына сәйкес:

акушерлiк нен гинекология;

ангиохирургия;

анестезиология-реаниматология;

кардиохирургия;

нейрохирургия;

онкология;

онкогематология;

оториноларингология;

радиология;

трансплантология;

фармакология және клиникалық фармакология;

жақ-бет хирургиясы саласындағы диагностика мен емдеудiң озық әдiстерiн меңгеруi.

Фармакогеномика саласындағы ғылыми дәрежесінің және атағының, медицина саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен халықаралық маңызы бар ізденістерінің, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ фармакогенетика саласындағы  фармакогеномиканың озық әдістерін меңгеруі

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39 және 40-жолдармен толықтырылсын:

«

25.

Денсаулық сақтау саласындағы маман

 

Ғылыми дәрежесінің және атағының, медицина саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен халықаралық маңызы бар ізденістерінің, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ мамандандыруға сәйкес биоинформатика саласында биомедициналық деректерді талдаудың озық әдістерін меңгеруі

 

26.

Бизнес-аналитик

 

Бизнес-талдау практикасы бойынша халықаралық танылған стандарттың бизнес-процестерді талдау және модельдеу саласындағы мамандық бойынша  кемінде үш жылдық тәжірибесінің болуы

 

27.

Жүйелік архитектор

 

Ғылыми дәрежесі мен атағының, халықаралық сертификаттардың және бағдарламалық  қамтылым архитектурасын әзірлеу және жобалау бойынша  кем дегенде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы

 

28.

Бағдарламалық қамтылым әзірлеушісі

Ғылыми дәрежесі мен атағының, мамандығы бойынша біліктілігін растайтын халықаралық деңгейде танылған сертификаттың, ақпараттық-коммуникациялық және аддитивті технологияларды қолдана отырып, зерттеулерді, әзірлемелерді, бағдарламалауды және тестілеуді қоса алғанда, бағдарламалық қамтылымды әзірлеу бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы

 

29.

Ақпараттық технологиялар (АТ) саласындағы жоба менеджері

Жобалық менеджмент саласындағы ғылыми дәрежесі мен атағының, халықаралық деңгейде танылған сертификаттардың, ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды басқару бойынша кемінде дегенде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы

30.

Робот техникасы  маманы

Мамандық бойынша біліктілігін растайтын халықаралық деңгейде танылған сертификаттың, роботтарды бағдарламалау және модельдеу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы

 

31.

 

Дизайнер

 

Мамандық бойынша біліктілігін растайтын халықаралық деңгейде танылған сертификаттың, инфографика, виртуалды әлем бойынша дизайн саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы

 

32.

Ақпараттық қауіпсіздік қызметкері

Ғылыми дәрежесі және атағы, мамандық бойынша біліктілікті растайтын халықаралық сертификаты, ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету, ақпаратты қорғау жүйелерін әзірлеу және сүйемелдеу, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқару үрдісін бақылау бойынша үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы

 

33.

Ақпараттық қауіпсіздік аудиторы

Ғылыми дәрежесі және атағы, мамандық бойынша біліктілікті растайтын халықаралық сертификаты, ақпараттандыру объектілерін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аудит жүргізу, ақпараттық қауіпсіздік аудитін жоспарлау және бақылау бойынша үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы

 

34.

Ақпаратты қорғау жөніндегі инженер

Ғылыми дәрежесі және атағы, мамандық бойынша біліктілікті растайтын халықаралық сертификаты, ақпаратты қорғау жүйелерін әзірлеу мен сүйемелдеу, ақпаратты қорғау құралдарын орнату, баптау және жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы 

 

35.

Жоғару оқу орындарының оқытушысы

Тиісті саладағы магистрдің академиялық  дәрежесінің, әлемдік академиялық рейтингке кіретін жоғары оқу орындарында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы

 

36.

Ғылыми қызметкер

(білім беру технологиялары, инженерия, жобалық басқару, аграрлық ғылымдар, медицина, биотехнология, IT-технологиялар, қаржы және экономика салаларында)

 

Ғылым докторының ғылыми дәрежесінің және халықаралық маңызы бар ғылыми-зерттеу жұмыстарының, халықаралық деңгейде танылған ғылыми институттарда, зертханаларда және әлемдік академиялық рейтингке кіретін жоғары оқу орындарында кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің болуы

 

37.

Биоинформатика,  молекулярлық биотехнология және биоинженерия (генетика, цитология, жануарлар мен өсімдіктер селекциясы) саласындағы маман

 

Тәуекелдерді бағалау, генетикалық деректер бойынша туыстық дәрежені айқындау алгоритмдерін әзірлеу бойынша ғылыми зерттеулердің, микрочипті генотиптеудің және NGS генетикалық деректерімен, сондай-ақ мультифакторлық және тұқым қуалайтын аурулар қаупін айқындау үшін генетикалық мутацияларды айқындау бойынша зертханалық генетикалық тестілердің нәтижелерімен жұмыс істеу, BLUP (Sire Model, Animal Model және т.б.) әдісі бойынша жануарлардың тұқымдық құндылығын бағалаудың, селекциялық индекстерді құрылымдаудың аралас модельдер теңдеулерін әзірлеу, молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу (полимеразды тізбекті реакция диагностикасы, толық геномдық талдаулар (NGS, Microarray), Сэнгер бойынша секвенирлеу, фрагменттік талдау және т.б.), бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің, геномдық диагностика саласындағы біліктілікті растайтын халықаралық сертификаттардың болуы, гендік инженерия, трансгеноз және биотехнология әдістерін меңгеруі

 

38.

Агроөнеркәсіптік кешеннің модельдеу жүйелерін мониторингтеу және цифрландыру саласындағы маман

Заманауи геоақпараттық жүйелерді және әртүрлі дереккөздерден алынатын ауқымды деректер саласындағы мамандық бойынша біліктілікті растайтын халықаралық сертификаттардың, объектінің орналасқан орны, географиялық және экологиялық ерекшеліктері, рельеф пішіндері, топырақ, өсімдіктер, гидрология туралы деректерді жинау және талдау бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, қашықтықтан басқарылатын автоматтандырылған ауыл шаруашылығы құрылымдарын құра білуі

 

39.

Автоматтандыру және басқару саласындағы маман. «Агроөнеркәсіптік кешендегі ақылды техника»

Табиғи ресурстарды, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің айналымын мониторингтеуді, жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғауды, өсіруді және пайдалануды автоматтандыру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау саласындағы есепке алуды мониторингтеу бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы

 

40.

Ауыл шаруашылығы машинасын жасау, GPS көмегімен техниканы басқару саласындағы маман

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды жобалау кезінде 3D модельдеуді және сандық бағдарламалық басқаруды пайдалану,  робототехниканы қолдану және ауыл шаруашылығы жұмыстарын орындау үшін GPS басқарумен ауыл шаруашылығы машиналарын жасау бойынша кемінде үш жыл тәжірибесінің болуы

   ».

 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының 

       Президенті                                                                       

 

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы

                          

                            №

 

ТіркемеМөлшер
Package icon ukaz.zip81.89 KB
Бөлімдер:
17 тамыз, 2018 - 18:52 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші