check

You are here

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершлігі байқауына қатысуға 260-тен аса өтініш түсті

Парыз

«Парыз-2018» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауына қатысуға өтініш қабылдау жалғасуда.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, бүгінгі күні аймақтардан 267 үміткер байқауға қатысуға ниет білдірген, бірқатар кәсіпорындар бірнеше номинация бойынша қатысуға мәліметтерін ұсынған.     Ең көп өтініш Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Алматы мен Ақмола облыстарынан келіп түсті.

2008 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауында төрт номинация бойынша таңдалады: «Әлеуметтік жауапкершілігі бар ең үздік кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы ең үздік кәсіпорын», «Ең үздік ұжымдық шарт», «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін».

Қазақстанның тұрақты дамуында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі маңызды стратегияны құрастырушы болып табылады.  Осыған байланысты, «Парыз» байқауы корпоративті әлеуметтік жауапкершліктің идеяларын ілгерілетуге және кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды ынталандыруға бағытталған.

Осы байқау өткізіліп жатқан жылдардан бері көп нәтижеге қол жеткіздік:   байқау жеңімпаздары және қатысушыларымен 150 мыңнан  астам жаңа жұмыс орын ашылды.

Мұнымен қоса, құрылысқа, қайта жөндеуге, жаңғыртуға , газ тазалайтын және суды тазалайтын құрылымдарды ұстауға кәсіпорындармен  63,7 млрд теңге қаражат бөлінді. Сондай-ақ, бизнес қауымдастығы облыстар мен қалаларды жасылдандыруға және абаттандыруға  – 36,3 млрд теңге, әлеуметтік жобаларға,  қайырымдылық шараларды демеушілікке – 135,5 млрд. теңге бөлді.

Бір сөзбен айтқанда, соңғы 10 жылдың ішінде «Парыз» байқауына 4,5 мың кәсіпорын қатысып, оның 259 лауреат атанды.

14 тамыз, 2018 - 19:02 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші