Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова азаматтық-құқықтық шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мәселеcін түсіндірді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова азаматтық-құқықтық шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мәселеcін түсіндірді

Еңбекмині

Вице-министр айтып өткендей, барлық зейнетақы жарналары азаматтардың табыстарынан ғана төленеді.

«Кәсіпорын жұмысшысының   тапқан табысы - оның еңбекақысы, жеке кәсіпкердікі - кәсіпкерлік қызметінен келген кіріс, жеке нотариустардардың табысы - көрсеткен қызметтерінен түскен кіріс. Ал жеке немесе заңды тұлғаларға өтемақылы шарт (азаматтық-құқықтық шарт деп аталатын) негізінде қызметтің немесе жұмыстың белгілі бір түрін көрсететін азаматтар үшін - міндетті зейнетақы жарна сол жұмыс немесе қызметінің нәтижесінде тапқан табысынан төленеді, жеке мүлкін сатудан түскен ақшадан емес» -  деді С. Жақыпова.

Ағымдағы жылдың 14 шілдесінен бастап,  ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс тауып отырған жеке тұлғалар адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, жеке кәсіпкерлер сияқты табыстарынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын төлейді.

Бұл табыстар, сондай-ақ, оларды төлеу ережесі мен мерзімдері, ұстап қалу (аудару) және міндетті зейнетақы жарнасын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және төлету Ережелері мен есептеу мерзімдері 2013 жылы 18 қазанда бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1116 қаулысымен анықталады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс енгізу жобасын әзірледі, онда азаматтық-құқықтық шартпен табыс тауып отырған жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарнасын төлеу тәртібі мен мерзімі қарастырылған. Жоба қазіргі таңда қызығушылық танытқан мемлекеттік органдардың, сарапшылардың кеңесі мен аккредиттелген ұйымдардың келісімін алу процедурасынан өтіп жатыр.  

Тағыда еске сала кететін жағдай, азаматтық-құқықтық шартпен табыс тауып отырған жеке тұлғалардың кірісі бұрынғыдай, жұмыс немесе қызмет көрсету арқылы түскен табыс болып есептеледі.

31 шілде, 2018 - 10:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші