X
egov

You are here

Еңбек министрлігінде тіркеу және кәсіподақ қызметі үшін сенім телефоны жұмыс істейді

Сенім телефоны

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру, кәсіптік одақтармен өзара қарым-қатынасты үйлестіру арқылы азаматтардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, кәсіподақ қозғалысының дамуына қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Қазақстандағы кәсіподақтардың қызметі ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы Заңымен реттеледі.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 467 кәсіподақ ұйымы бар. Олардың ішінде 3 республикалық кәсіподақ, 39 салалық кәсіподақ, 22 өңірлік кәсіподақ бірлестіктері мен 403 жергілікті кәсіподақ әрекет етеді.

Қазақстанда кәсіподақ қозғалысын дамыту, сондай-ақ олардың заңды құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында Министрліктің +7 (7172) 74-35-11, +7 (7172) 74-28-52 нөмірлері кәсіподақтардың тіркелуі мен қызметі мәселелері бойынша сенім телефоны ретінде бекітілді.

Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті кәсіподақтардың тіркелуі мен қызметі мәселелері бойынша байланысушы құрылымдық бөлімше болып тағайындалды.

Сенім телефонын құру Ассоциация бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы 1948 жылғы 9 шілдедегі № 87 Конвенцияны қолдану бойынша Халықаралық еңбек ұйымының рекомендацияларын жүзеге асыруға бағытталған.

12 шілде, 2018 - 12:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші