X
egov

You are here

2018 жылы шамамен 243 мың қазақстандық жұмысқа орналасты

Үкімет отрысы

2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша биылғы алғашқы жарты жылдық қорытындысы ҚР Үкіметінің 10 шілдедегі өткен отырысында қаралды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова атап өткендей, биыл Бағдарламаны іске асыруға бөлінген 110,6 млрд теңге 571 мыңға жуық азаматты жұмысқа орналастыру шараларымен қамтуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда 290 мыңға жуық жұмыссыз және нәтижесіз жұмыспен қамтылған азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды, оның 243 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

Министр Мәдина Әбілқасымова бағдарламаның негізгі үш бағытына тоқталды.

Бірінші бағыт - еңбек нарығына қажет мамандықтар бойынша жаппай оқыту, биыл 1 қыркүйектен бастап колледждерде 21 мың жас оқитын болады. Бұдан басқа, «Атамекен» ҰКП-ның колледждері мен оқу орталықтарында 37,2 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды оқыту жоспарлануда.

«Бағдарламаның негізгі көрсеткіші, оқыту аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасу. Оқудан өткен 9, 5  адамның 50 пайызы немесе 4 732   адам жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіш бойынша ең жоғары деңгей Қостанай, Ақмола Қарағанды облысытарында тіркеліп отыр. Сәйкесінше,  Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жұмысқа орналастыру көрсеткіші төмен деңгейде болып отыр», - деді министр

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша Елбасының Төртінші Әлеуметтік бастамасы аясында 2018 жылы микрокредит беруді қаржыландыру көлемі 20 млрд. теңгеге артып, 62,6 млрд. теңгені құрады.

Бүгінге дейін, 3 027  микрокредит берілді, оның ішінде Start-up жобаларды  қолдауға – 1 567 микрокредит (52%), жаңа бағыт якорлық кооперацияны дамытуға – 74 микрокредит (3%) және жеке бизнесті кеңейтуге – 476 микрокредит (18%)   бөлінді.

Ауылдық жерлерде микрокредиттердің орташа мөлшері - 3,6 млн. теңге, қалаларда - 11 млн. теңге. Жалпы, шағын несие алушыларға қосымша 1 808 жұмыс орны ашылды.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 2018 жылы бизнесті жүргізуге 30 мың азаматты оқыту жоспарланған. Бұл мақсатқа 2,4 млрд. теңге көзделіп отыр.

«Биыл 2017 жылғы «Бастау-Бизнес» қатысушыларының жобалары ерекше бақылауға алынған, олардың барлығы қаржыландырылатын болады және  нысаналы деректер Бағдарлама операторларына жеткізілді. 2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 2017 жылы оқыған 3 217 адамның қатарынан 720  адам микрокредит алды.» - деді Еңбек министрі.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының  мобильділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

2018 жылы әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға 91,3  адамды орналастыру, жастар практикасына 14 мың жастарды жіберу жоспарлануда.

Еліміздің солтүстік өңірлерінде кадр тапшылығын толтыру үшін 2018 жылы еңбек күші көп оңтүстік өңірлерден 2 328 отбасын (9,1 мың отбасы)  қоныстандыру жоспарда бар. Қоныстану кезінде көшуге 84,2 теңге және тұрғын үй жалдауға немесе оны сатып алуға субсидия беріледі.

Бүгінде 412  отбасы немесе 1 607  адам қоныс аударды, олардың ішінде 350 адам жұмысқа орналастырылды.

Министр атап өткендей, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының басты бағыты тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу және жоғары сапалы жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

«Жұмыспен қамтудың кешенді жоспары аясында өңірлерде 273 мың адам жұмысқа орналасты, мемлекеттік жоба бойынша – 24,0 мың адам, сондай-ақ электрондық еңбек биржасы арқылы қосымша 160 мың адам жұмыс тапқан.» - деді М. Әбілқасымова.

Сондай-ақ ведомство басшысы атап өткендей, биылғы жылдан бастап барлық мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтары кәсіптік бейімделуді қамтамасыз етеді және әрбір жұмыс берушіге қолайлы жұмыс таңдауда жеке көзқарас ескерілетін болады.

Бұдан басқа, Министрлік цифрландыру жағдайында еңбек нарығын жаңғырту және дайындау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Осыған байланысты, министр бағдарламада бірқатар өзгерістер, мысалы, бірінші біліктілікке арналған кәсіптік оқыту квотасын ұлғайту, жұмысқа орналасу үшін оқытуға бағдарланған тәсілдерді және онлайн-оқыту мүмкіндіктері туралы ұсыныстар жасады.

Бұдан басқа, Еңбек министрі қоныс аударушыларға тұрғын үй салу мен сатып алу механизмі туралы баяндады.  

Алдымен пилотты жобаны Солтүстік Қазақстан облысында енгізуді, одан кейін басқа аймақтарда іске асыру ұсынылды.

 

11 шілде, 2018 - 09:58 өзгертілді
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші