«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару бойынша топқа ҰБЖ – кәсіптік стандарттар жөніндегі маман бос орын позициясына конкурс
«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару бойынша топқа ҰБЖ – кәсіптік стандарттар жөніндегі маман бос орын позициясына конкурс
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару бойынша топқа ҰБЖ – кәсіптік стандарттар жөніндегі маман бос орын позициясына орналастыру үшін конкурс жариялайды («Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы).
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жеке консультантты іріктеу ХҚҚДБ қарыздары және МАР кредиттері бойынша консультанттарды Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары арқылы іріктеу және жалдау жөніндегі 2011 жылғы қаңтардағы Дүниежүзілік банктің нұсқаулығында (2014 жылғы шілдедегі редакцияда) көрсетілген рәсімдерге сәйкес өткізіледі.
Барлық конкурсқа қатысушыларды және біліктілік талаптарына сәйкес келетіндерді орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндемені және таңдалған тапсырмада біліктілікті айқындайтын ақпаратты 2018 жылғы 24 шілде мерзіміне дейін kzsj_zakup@mail.ru электрондық мекенжайын бойынша, хаттың тақырыбында міндетті түрде позицияны көрсетумен ұсынуды сұраймыз.
Байланыс телефондары: +7 (7172) 64-27-49.