You are here

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару бойынша топтың 2 (екі) сатыпалу жөніндегі маман бір бос орын позицияға конкурс

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару бойынша топтың 2 (екі) сатыпалу жөніндегі маман бір бос орын позицияға конкурс

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарынын таландыру» Жобасын басқару бойынша топтыңсатып алу жөніндегі маман бір бос орын позицияға орналастыру үшін конкурс жариялайды («Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы).

Біліктілікке қойылатын талаптар:

1.         жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім (бизнес, заң, экономика, қаржы, инженерлік ғылымдар саласындағы магистр дәрежесінің немесе эквиваленттің болуы);

2.         Халықаралық қаржылық ұйымдар (Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру жіне даму банкі, Азиялық даму банкі, Ислам даму банкі және т.б.) қаржыландыратын жобалардың сатып алу саласындағы кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3.         Дүниежүзілік банк қаржыландыратын жобалардың шеңберінде сапа және баға негізінде іріктеу тәсілі бойынша кешендік консультациялық пакеттермен кемінде 1 (бір) жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы;

4.         Консультациялық қызметтер көрсетуге жоғары бағалы келісімшарттарды басқару саласындағы кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

5.         ағылшын тілін еркін меңгеруі міндетті талап болып табылады;

6.         Пайдаланушы деңгейінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары (MS Office, Internet Explorer);

7.         Іскерлік қарым-қатынас пен хат алмасу дағдылары, презентациялық дағдылар.

Жеке консультанттарды іріктеу ХҚҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері бойынша консультанттарды Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары арқылы іріктеу және жалдау жөніндегі 2011 жылғы қаңтардағы Дүниежүзілік банктің нұсқаулығында (2014 жылғы шілдедегі редакцияда) көрсетілген рәсімдерге сәйкес өткізіледі.

Барлық конкурсқа қатысушыларды және біліктілік талаптарына сәйкес келетіндерді орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндемені және таңдалған тапсырмада біліктілікті айқындайтын ақпаратты 2018 жылғы 24 шілде мерзіміне дейін, kzsj_zakup@mail.com  электрондық мекенжайы бойынша, хаттың тақырыбында міндетті түрде позицияны көрсетуменұсынуды сұраймыз.

Байланыс телефондары: 64-27-49

10 шілде, 2018 - 17:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші