You are here

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару бойынша топтың Мониторинг жүргізу мен бағалау және қоғаммен байланыс жөніндегі маман бос орын позициясына конкурс

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару бойынша топтың Мониторинг жүргізу мен бағалау және қоғаммен байланыс жөніндегі маман бос орын позициясына конкурс

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарынын таландыру» Жобасын басқару бойынша топтың Мониторинг жүргізу мен бағалау және қоғаммен байланыс жөніндегі маман бос орын позициясына орналастыру үшін конкурс жариялайды («Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы).

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)білім, магистр, PhD, ғылым кандидаты немесе докторы дәрежесінің болуы басымдық болып табылады;
  2. мониторингілеу мен бағалау саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі, Дүниежүзілік банктің жобаларында жұмыс                                                  тәжірибесі  және Дүниежүзілік банктің жобаларды басқару жөніндегі рәсімдерді білуі басымдық болып табылады, ақпараттық-түсіндіру кампанияларды дамытуға бағытталған бағдарламаларда (бастапқы талдауды жүргізу үшін тиісті фирмаларды жалдау тәжірибесін қоса алғанда) жұмыс тәжірибесі және білімі, Кері байланыс және проблемаларды шешу тетігін (азаматтарды, әсіресе халықтың осал топтарын тартуда жұмыс тәжірибесі) және сыйақы бағдарламаларын дамыту (жетістіктерге жеке азаматтар мен топтарды ынталандыру үшін монетарлық және монетарлық емес түрлерін) білуі;
  3. пайдаланушы деңгейінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары (MS Office, Internet Explorer);
  4. жақсы ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылар, іскерлік қарым-қатынас жасай білу және хат алмасу дағдылары, презентациялық дағдылар, командада жұмыс істей білу және міндеттерді шешуге бағыттылық;
  5. ағылшын тілін ауызша және жазбаша еркін меңгеруі құпталады.

 

Жеке консультанттарды іріктеу ХҚҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері бойынша консультанттарды Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары арқылы іріктеу және жалдау жөніндегі 2011 жылғы қаңтардағы Дүниежүзілік банктің нұсқаулығында (2014 жылғы шілдедегі редакцияда) көрсетілген рәсімдерге сәйкес өткізіледі.

Барлық конкурсқа қатысушыларды және біліктілік талаптарына сәйкес келетіндерді орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндемені және таңдалған тапсырмада біліктілікті айқындайтын ақпаратты 2018 жылғы 24 шілде мерзіміне дейін, kzsj_zakup@mail.com  электрондық мекенжайы бойынша, хаттың тақырыбында міндетті түрде позицияны көрсетумен ұсынуды сұраймыз.

Байланыс телефондары: 64-27-49.
 

 

10 шілде, 2018 - 17:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші