check

You are here

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi М.Е. Әбілқасымованың «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» туралы сөйлеген сөзі

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы еңбек ресурстарының сапасы мен потенциалын арттыруға бағытталған.  

 2018 жылы Бағдарламаны іске асыруға           110,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл 571 мың азаматқа жұмыспен қамту шараларын көрсетуге мүмкіндік береді. 

Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 290 мыңдай жұмыссыз және нәтижесіз жұмыспен қамтылған азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды немесе жартыжылдық жоспары                 101 пайызға орындалды.

Олардың 243 мыңы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 158 мың адам немесе 66 пайызы тұрақты жұмыс орындарына  орналасты.

 Енді Бағдарламаның бағыттарына кеңірек тоқталып өтейін.

Бағдарламаның бірінші бағыты еңбек нарығында қажетті кәсіптер бойынша жаппай оқытуды көздейді.

Біріншіден, 2017 жылдан бастап алғашқы мамандық алуға жоғары оқу орнына түспеген мектеп түлектеріне тегін техникалық және кәсіптік оқу мүмкіндігі берілуде. Биылдың 1 қыркүйегінен бастап тағы да 21 мың жас колледждерде оқуын бастайды.

 Екіншіден, колледждер мен оқу орталықтарының базасында  37 200  жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамды оқыту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 7,8 млрд. теңге көзделген.

 1 шілдедегі жағдай бойынша 30 мыңдай  қатысушы оқуға жіберілді. Бұл жылдық жоспардың        80 пайызын құрайды. Өңірлер бойынша   қысқа мерзімді оқытумен Маңғыстау облысында –                20 пайыз және Астана қаласында – 49 пайыз төмен деңгейде қамтылған.

 Бағдарлама қатысушылары қажетті  техникалық мамандықтар және қызмет көрсету салалары бойынша оқытылды.  Ең сұранысқа ие кәсіптер – тігінші, шаштараз,  машинист, электргазосварщик, кондитер, аспаз.

 Қысқа мерзімді оқытудың басты көрсеткіші нәтижелі жұмысқа орналасу деңгейі болып табылады.

 Оқудан өткен 9 513  адамның тек қана                   50 пайызы немесе 4 732   адам жұмысқа орналасты.

 Бұл көрсеткіш бойынша ең жоғары  деңгей Қостанай облысында – 75 пайыз, Ақмола облысында 67 пайыз және Қарағанды облысында – 58 пайыз белгіленген.

Жұмысқа орналастыру көрсеткіші келесі облыстарда төмен: Батыс Қазақстан облысында – 31 пайыз, Атырау облысында – 20 пайыз, Қызылорда облысында – 8 пайыз. Ал Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстарында  бұл бағыт бойынша жұмысқа орналастыру әлі басталмаған.

  Бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Мемлекет басшысының Төртінші әлеуметтік бастама аясында шағын несие бағдарламасын кеңейту  үшін 2018 жылы бағдарламаны қаржыландыру көлемі 20 млрд. теңгеге көбейтілді.

 Ауылды жерлерде кредит беруге 45,3 млрд. теңге жұмсалатын болады немесе бөлінетін қаражаттың 72 пайызы, қалаларда 17,3 млрд. теңге немесе 28 пайыз.

 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша        14,8  млрд. теңге немесе жылдық жоспардың
24 пайызы игерілді, оның ішінде ауылдарда
8,8 млрд. теңге  және қалаларда 6 млрд. теңге жұмсалды. Бұл бірінші жартыжылдық жоспардың   90 пайызын құрайды.

Ауыл шаруашылығы жобаларының спецификасына және маусымдық сипатына қарай қаржыландыру жоспары бойынша екінші жартыжылдықта 80 пайызды немесе 49,3 млрд. теңгені игеру жоспарланып отыр.

 Жылдың басынан бері 3 027  микрокредит берілді, оның ішінде Start-up жобаларын қолдауға – 1 567 микрокредит немесе 52 пайыз, жаңа бағыт якорлық кооперацияны дамытуға – 78 микрокредит және жеке бизнесті кеңейтуге – 476 микрокредит   бөлінді.

Ауылдағы микрокредиттердің орташа саны – 3,6 млн. теңге, қалаларда – 11 млн. теңгені құрайды. Жалпы, микрокредит алушылар қосымша 1 808 жұмыс орнын ашты.

Өңірлер арасында берілген кредиттер бойынша ең төменгі көрсеткіш Атырау және Маңғыстау           10 пайыз, Астана қаласында 11 пайыз, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында 13 пайыз байқалады. 

Микрокредит беру бойынша жұмыс Алматы қаласында жоғары деңгейде жүргізіліп отыр. Бұл жерде жылдық жоспардың 90 пайызы орындалған.

Жалпы биыл 14 мыңнан астам адам микрокредитпен қамтылады деп күтілуде.

 «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 2018 жылы бизнесті жүргізуге 30 мың азаматты оқыту жоспарланған. Бұл мақсатқа 2,4 млрд. теңге көзделіп отыр.

 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша                       12 645 адам немесе 43 пайызы кәсіпкерлік негіздерін оқыды. Олардың ішінде 9 мың қатысушы өз бизнес-жобаларын қорғап шықты.

Биыл өткен жылғы «Бастау-Бизнес» қатысушыларының жобалары ерекше бақылауға алынған. Олар бірінші кезекте қаржыландырылатын болады. Тиісті нысаналы деректер Бағдарлама операторларына жеткізілді.

Қазіргі жағдай бойынша 2017 жылы оқыған            3 217 адамның қатарынан 720  адам микрокредит алды.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының  мобильділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

 Әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға 91 000  адамды орналастыру жоспарланды. Биылғы 1 шілдеге 71 205 адам жұмысқа орналасты немесе жоспардың 78 пайызы орындалды.

 Еліміздің солтүстік өңірлерінде кадр тапшылығын толтыру үшін 2018 жылы еңбек күші көп оңтүстік өңірлерден 2 328 отбасын немесе
9 084 адамды  қоныстандыру жоспарда бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық.

2018 жылға қоныстандыруға 2,4 млрд. теңге қаражат бөлінген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 4 еседен көп.

 Қоныстану кезінде көшуге 84 200 теңге және тұрғын үй жалдауға немесе оны сатып алуға он екі ай бойы 36 100 теңгеден 72 200 теңгеге дейін субсидия беріледі.

Сондай-ақ, осы жылдан бастап жұмыс берушілерге қосымша 5 адамды жұмысқа қабылдаса, 1 млн. 82 мың теңге мөлшерінде беріледі.

Оңтүстік өңірлерде (Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облыстары) солтүстік облыстардың жұмыс берушілерін шақырып, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізілді.               1 511 отбасы немесе 6 137 адам солтүстік өңірлерге көшуге дайын отыр.

 1 шілдеге қарай оңтүстік өңірлерден                   412  отбасы немесе 1 607  адам қоныс аударды, олардың 741-і еңбекке қабілетті жаста. Олардың ішінде 350 адам немесе  47 пайыз жұмысқа орналастырылды. 1 341 балаға мектеп пен балабақшадан орын берілді, 68 мектеп бітіруші  колледждер мен жоғары оқу орындарына түсті.  

Бағдарламаның басты мақсаты – тұрақты  және жоғары өнімді жұмыс орындарына орналастыру.

Жұмыспен қамтудың кешенді жоспарлары аясында өңірлерде 273 мың адам жұмысқа орналасты, сондай-ақ электрондық еңбек биржасы арқылы қосымша 160 мың адам жұмыс тапқан.

 Осы жылдан бастап барлық жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы жаңғыртылды.  Қазірде  жұмыспен қамту орталығына жүгінген әрбір адамға кәсіптік бағдарлау жүргізіліп,  жеке тәсіл қолданылады.

Жұмыс іздеуші адамның мықты және осал тұстары ескеріліп, жұмысқа орналастырудың жеке картасы жасалады.

 Сонымен қатар, осы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап жұмыспен қамту қызметтерін жекеше агенттіктерге аутсорсингке беру процесі басталды. Барлық қажетті нормативтік актілер  қабылданды және жұмыспен қамту қызметтеріне арналған тарифтер белгіленді.

 Цифрлық экономика шарттарына орай жұмыс күшінің дағдылары мен құзыретіне де жаңа талаптар қойылады. Осыған байланысты еңбек ресурстарын жаңа экономика талаптарына бейімдеу қажет.

 Еңбек нарығының жаңа талаптарын ескере отырып, Бағдарламаны одан әрі жетілдірген жөн.

Осыған байланысты бағдарлама құралдарының тиімділігін арттыру және жаңа шаралармен толықтыру үшін оған өзгерістер енгізуді ұсынып отырмыз.  

 Біріншіден, мектеп бітірушілерінің саны жыл сайын артып келе жатқанын ескере отырып,  кәсіптік техникалық білім беру шеңберінде бірінші мамандық алу үшін квотаны көбейтуді ұсынамыз. Қажетті ұсыныстар Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп әзірленуде.

Екіншіден, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту тәсілдерін қайта қарау және оларды жұмысқа тұруға бағыттау қажет.

Оның аясында, оқу орындары мен колледждердің, мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының тізбесі қайта қаралады, онлайн оқыту мүмкіндігі де қарастырылуда.

 Үшіншіден, азаматтарды еңбек күші тапшы солтүстік өңірлерге көшуге ынталандыру үшін  «Серпін» мен «Дипломмен ауылға»  бағдарламаларын интеграциялау көзделіп отыр.    

Осыған қоса, қоныстанушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй салу мен сатып алудың жаңа тәсілдері әзірленетін болады. Пилоттық жоба Солтүстік Қазақстан облысында апробациядан өтеді, одан кейін басқа өңірлерге таратылады.

 Төртіншіден, қазірде мемлекеттік бағдарламалар, инвестициялық жобалар мен шағын және орта бизнес аясындағы жұмыс орындарына  мониторинг жүргізу бөлігінде мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру күшейтіледі.

 Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, Бағдарламаға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтыруларды іске асыру мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға, жоғары өнімді жұмыс орындарын құру бойынша басты мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Назарларыңызға рақмет.

11 шілде, 2018 - 08:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші