X
egov

You are here

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаев кадр саясаты мәселелері бойынша салалық кәсіпорындардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді

кадрлық саясат

3 шілдеде тау-кен металлургиялық кешені кәсіпорындарының өкілдерімен ал, 4 шілдеде - «Kazenergy» мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдарының қауымдастығымен кездесу өтті.

Күн тәртібінде жұмыс күштерінің ағыны бойынша Жол картасын іске асыру барысы, қызметкерлерді оқыту және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесі айтылды.

Цифрландыруды белсенді жүргізу және өндірісті автоматтандыру жағдайында көптеген кәсіпорындарда қызметкерлердің босап қалу тәуекелдері туындайды. Сол үшін мұндағы өзекті мәселе еңбек ағынын басқару бойынша уақтылы жұмыс жасау.

«Министрліктің және жұмыс берушілердің тығыз қарым-қатынаста болуы еңбек дауларын болдырмауға және елдегі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне көмектеседі», - деді Нұржан Әлтаев.

Осыған байланысты, Министрлік орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ірі кәсіпорындармен жұмыс істейтін қызметкерлердің ағынын басқару үшін Жол карталарын әзірлейді. Жол карталары қысқарып қалған қызметкерлерді қайта даярлауға және оларды басқа салаларға жұмысқа орналастыруға көмектесетін бірлескен инвестицияларды көздейді.

2018 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша ірі кәсіпорындармен 387 жол картасы жасалды, бұл 450 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етті.

Елбасының тапсырмасымен ҰБТ тапсырмаған және оқу орындарына түспей қалған мектеп түлектері үшін «Тегін кәсіби - техникалық білім беру» жобасы басталған болатын. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап 21 мыңға жуық жастар кәсіби колледждерде оқуға түсті.

Ересек тұрғындардың біліктілігін арттыру және жетілдіру үшін босатылған қызметкерлерді қайта даярлаудың қысқа мерзімді курстары қарастырылған. Осы  жылдың 1 маусымындағы жағдайға сәйкес, 23 мың адам оқудан өтіп жатыр

Кездесу барысында Вице-министр еңбек ағындарын басқаруға жәрдемдесудің тағы бір тиімді құралы – жұмыс күші мол аймақтардан жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару бағдарламасына назар аударды. Осы тетік арқылы қоныс аударып жатқан аймақтар экономикалық даму үстінде, ал көшіп келгендер жұмыспен және баспанамен қамтамасыз етіледі, олардың табысы да артады.

 Мемлекет тарапынан қоныс аударған отбасы мүшелерінің адам басына 84 мың теңге (35 АЕК) мөлшерінде материалдық көмек көрсетеді, сондай-ақ тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін жыл сайын 35 мың теңгеден (15 АЕК) 72 мың теңгеге (30 АЕК) дейін қаржы беріледі.

Сонымен, өткен жылы жұмыс күші тапшы солтүстік аймақтарға 1255 отбасы (4 мың адам) көшіп барды. Ал, осы отбасылардың 758 баласы мектептер мен балабақшаларға орналастырылды.

2018 жылы аталған аймақтарға тағы 2 328 отбасын (9,1 мың адам) көшіру жоспарда бар, яғни қоныс аударатындар қатары екі есеге артпақ.

Өңірлік штаб-пәтерде жұмысшылардың босап қалу тәуекелдерін  азайту үшін келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:

  • жасалған Жол карталарында шығарылған қызметкерлердің санын, уақытын және тізімдерін анықтау;
  • облыстың жетекші колледждері немесе ЖОО базасында кәсіптерді және кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарында қайта даярлаудың негіздерін анықтау;
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасының тетіктерін пайдалана отырып, қызметкерлерді қайта даярлауға қаражаттың қосымша қажеттілігін анықтау, жұмыс берушілердің оқу шығындарын бірлесіп қаржыландыру;
  • Босатылған қызметкерлерді жаңғыртылған кәсіпорындарда жұмыс істеуге, басқа кәсіпорындарға ауыстыру немесе жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыру мүмкіндігін жасау мақсатында дайындау және қайта даярлау.

Сондай-ақ кәсіпорындар жоспарланған еңбек ағындарын жеңілдетуде қабылданатын тиісті шараларға мүдделі. Мәселен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ департаментінің директоры Е.М. Рахимбергеновтың айтуынша бүгінгі күні осы кәсіпорында көптеген қызметкерлерге жеткілікті жұмыс жүктемесі берілмеген. Осыған байланысты еңбек келісімшартын мерзімінен бұрын тоқтату бағдарламасы әзірленді, ол 5 жылдағы жалақының 50% -ы мен мердігер компаниядағы қосымша жұмыс орындарына өтемақыны қарастырады. Бағдарлама ерікті негізде жұмыс істейді, оның негізгі мақсаты босайтын жұмыс күшінің алдын алу.

Алмалық тау-кен металлургиялық зауытының атқарушы директорының орынбасары Б.П. Манасбаевтың  айтуынша, бүгінгі күні еңбек ағындарын басқаруды ұйымдастыру пилоттық компанияларда, соның ішінде Еуразиялық топ кәсіпорындарында, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-де, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жүргізілуде. Сондай-ақ ол компанияларда жұмыс күшін қысқарту үдерісін оңтайландыру бойынша «Атамекен» ҰКП және тау-кен металлургиялық кешендердің бірлескен жобалары, білікті мамандарға қажеттілік және геологиялық инженерия салаларында кәсіптік стандарттарды әзірлеу туралы қабылданған шаралар туралы әңгімеледі.

Кездесу барысында Нұржан Әлтаев жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне, оның ішінде жұмыс орнында өндірістік жарақаттар мен еңбе дауларының алдын-алу үшін Жол картасын егжей-тегжейлі зерделеуге ерекше назар аударды.

Ол «Теңізшевройл» ЖШС-нің барлық мердігер ұйымдарының қауіпсіз еңбек жағдайына сәйкестігін үйлестіруді көздейтін көлденең бақылауды жүзеге асыруға қатысты оң тәжірибені атап өтті және жиынға қатысып отырған кәсіпорындарды осындай бақылау тәжірибесін қабылдауға шақырды.

Екі күндік кездесудің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен салалық кәсіпорындардың секторындағы проблемалық кадрлық мәселелерді анықтау бойынша бірлескен жұмысты жандандыру, сондай-ақ, компаниялардың ҚР-ның қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру туралы шешім қабылданды.

6 шілде, 2018 - 10:56 өзгертілді
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші