X
egov

You are here

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

Астананың 20 жылдығы

Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова өзінің құттықтау сөзінде Елорданы көшіру жігерлі және өршіл жастардың қалыптасуы мен мансаптық өсуіне барынша жағдай туғызды.  «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында басталған Астананың құрылысы бастапқыда күрделі болғаны рас, алайда уақыт өте келе барлық қиындықтар еңсерілді. Елбасы мен барша қазақстандықтардың күш-жігерінің арқасында, бүгінгі таңда Астана - елдің саяси, іскерлік және мәдени орталығына айналды» -деді министр.

Елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында министр Қазақстан Республикасы мен оның астанасының қалыптасуына және дамуына елеулі үлес қосқан ведомстваның бірқатар қызметкерлерін «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады. Мәртебелі наградаға министрліктің 34 қызметкері мен ардагері ие болды.

Мерекелік жиын соңы министрлік қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

5 шілде, 2018 - 19:44 өзгертілді
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші