ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы  Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу тізілімінде № 15612 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кадр қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет-терді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға  жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                            М. Әбілқасымова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2018 жылғы 13 маусымдағы                          

 № 237 бұйрығымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

міндетін атқарушының

2017 жылғы «4» тамыздағы

№ 236 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік

қызметшілерінің жұмысын бағалау

әдістемесі

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299  болып тіркелген) бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің (бұдан әрі – Комитет) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) жұмысын бағалау тәртібін айқындайды.

2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) тікелей басшы – бағаланушы қызметші өзіне қатысты тікелей бағынысты болып табылатын адам;

2) жоғары тұрған басшы – бағаланушы қызметшінің басшысы өзіне қатысты тікелей бағынысты болып табылатын адам;

3) басты нысаналы индикаторлар (бұдан әрі – БНИ) – Министрліктің стратегиялық жоспарына, саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумына/ «А» корпусы қызметшісінің келісіміне не «Б» корпусы қызметшісі жұмысының ерекшелігіне сәйкес (процестік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, қол жеткізу жұмысының тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;

4) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне БНИ көзделген және тікелей басшысымен бірлесіп жасалып, жоғары тұрған басшы бекітетін құжат;

5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;

6) мінез-құлық индикаторлары – «Б» корпусы қызметшісінің мінез-құлық сипаттамалары және құзыреттерді көрсету деңгейі.

3. «Б» корпусы қызметшілерінің жұмысын бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін жүргізіледі.

4 «Б» корпусы  қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау жүргізілмейді.

Бағалау жүргізу кезінде еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалыста, уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңінде, іссапарда немесе тағылымдамада болған не қайта даярлауға, біліктілігін  арттыруға жіберілген «Б» корпусы қызметшілері жұмысына шыққанынан кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.

5. Бағалауды жүргізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам (бұдан әрі – уәкілетті адам) кадр қызметі басқармасы жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі –  Комиссия) құрады.

Комиссияның құрамын уәкілетті адам айқындайды, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауға тиіс.

6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:

1) БНИ қол жеткізуді бағалау;

2) «Б» корпусы қызметшілерінің құзыретін бағалау.

7. БНИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымда төмендету немесе  одан босату бойынша шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.

Құзыреттерді бағалау нәтижелері «Б» корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымда  төмендетуге не одан босатуға әсер етпейді.

8. Бағалауға байланысты құжаттар кадр қызметі басқармасында бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл бойы сақталады.

2-тарау. БНИ айқындау тәртібі

9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің БНИ тікелей басшы жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айқындайды.

10. Жеке жұмыс жоспары тиісті БНИ қалыптастырылғаннан кейін бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

 «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы Министрліктің, Комитеттің  бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспарын осы лауазымды адам бекітеді.

11. БНИ осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын пысықтауға қайтарады.

Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу пысықтауға жолданғаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.

12. БНИ:

  1. нақты (күтілетін оң өзгеріс көрсетіле отырып қол жеткізу қажет нәтиже анық айқындалады);
  2. өлшенетін (БНИ қол жеткізуді өлшеу үшін  нақты критерийлер айқындалады);
  3. қолжетімді (БНИ қолда бар ресурстар, құзыреттер мен шектеулер ескеріле отырып айқындалады); 
  4. уақытпен шектеулі (бағаланатын кезең ішінде БНИ қол жеткізу мерзімі айқындалады);
  5. Министрліктің стратегиялық мақсаттарын, саяси қызметшінің меморандумын немесе «А» корпусы қызметшісінің келісімін іске асыруға бағытталған болуға тиіс.

13. БНИ саны 5-ті құрайды.

14. Жеке жұмыс жоспары кадр қызметі басқармасында сақталады.

3-тарау. БНИ қол жеткізуді бағалау тәртібі

15. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген БНИ қол жеткізуді бақылауды жүзеге асыру мақсатында тікелей басшы белгіленген БНИ қол жеткізуге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.

Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағаланатын «Б» корпусы қызметшісіне БНИ қол жеткізу және сол үшін қажетті одан арғы шаралар бойынша жазбаша ұсынымдар береді.

16. Бағалауды жүргізу  үшін «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы

осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БНИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.

17. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары жасалған жыл қорытындысы бойынша, БНИ қол жеткізуді бағалау негізінде келесі тәртіппен жүзеге асырылады.

БНИ барлығына қол жеткізілген кезде «өте жақсы» бағасы қойылады;

5 БНИ-дің 4-еуіне қол жеткізілген кезде «тиімді» бағасы қойылады;

5 БНИ-дің 3-еуіне қол жеткізген кезде «қанағаттанарлық» бағасы қойылады;

5 БНИ-дің 3-еуінен азына қол жеткізілген жағдайда «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады.

БНИ қол жеткізу жеке жоспарда көзделген барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.

18. Бағалау парағын тікелей басшы толтырғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

19. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы Министрліктің, Комитеттің  бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.

20. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшы келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

1) бағалаумен келісу;

2) пысықтауға жіберу.

21. Бағалау парағы БНИ қол жеткізуді дәлелдейтін фактілер жеткіліксіз немесе дәйексіз болған жағдайда пысықтауға жіберіледі. 

22. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу оны пысықтауға жібергеннен кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.

23. Жоғары тұрған басшы бағалау парағына қол қойғаннан кейін кадр қызметі басқармасы  2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына шығарады.

4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі

24. Құзыреттерді бағалауды тікелей басшы жүзеге асырады, оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.

25. Бағалау парағын толтыру кезінде әр құзырет бойынша «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарының санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасында көзделген мінез-құлық индикторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10-нан аспауға тиіс.

26. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағаланатын кезеңде қызметшінің қызметінде көрінген мінез-құлық индикторларының санымен келесі тәртіппен айқындалады:

1) қызметшінің жұмысында белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4 немесе одан көбі көрінген кезде «күтілген нәтижеге сәйкес» бағасы қойылады;

2) қызметшінің жұмысы нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4-інен кеміне сәйкес келмеген кезде осы нақты құзырет  бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» бағасы қойылады.

27. Тікелей басшы бағалау парағына қол қойғаннан кейін кадр қызметі басқармасы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына шығарады.

5-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы және бағалау нәтижесіне шағымдану

28. Кадр қызметі басқармасы Комиссия төрағасының келісімімен бағалау жүргізу  кестесін қалыптастырады және бағалау жүргізуден жеті жұмыс күні бұрын бағалауды жүргізетін адамдарға хабарлауды қамтамасыз етеді .

29. Комиссияның отырысы, егер оған құрамының кемінде үштен екісі қатысса,  заңды болып саналады.

30. Комиссияның жоқ мүшесін немесе төрағасын алмастыру Комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгеріс енгізу арқылы уәкілетті адамның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

31. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

32. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

33. Комиссияның хатшысы кадр қызметі басқармасының қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

34. Кадр қызметі басқармасы Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге сәйкес Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.

35. Кадр қызметі басқармасы Комиссияның отырысына келесі құжаттарды:

1) толтырылған бағалау парақтарын;

2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын ұсынады.

36. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да, келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

1) бағалау нәтижелерін бекіту;

2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

37. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, мұны хаттаманың «Бағалау нәтижелерін Комиссияның түзетуі (бар болған жағдайда)» бағанында көрсетеді.

38. Бағалау нәтижелерін уәкілетті адам бекітеді және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамада тіркеледі.

39. Кадр қызметі басқармасы «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен, ол аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде таныстырады.

40.  «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүзеге асырылады. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін нысанда акт жасалып, оған кадр қызметі басқармасы және Министрліктің және Комитеттің  басқа екі қызметшісі қол қояды.

41. «Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадр қызметі басқармасы бағалау нәтижесін «Б» корпусы қызметшісіне мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолдайды.

42. «Б» корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

1) мемлекеттік органға Комиссия шешімінінің күшін жойып, «Б» корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін қайта қарауды;

2) «Б» корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыруды  ұсынады.

43. «Б» корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек  және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігінің «Б» корпусы

мемлекеттік әкімшілік

қызметшілерінің жұмысын

бағалау әдістемесіне

1-қосымша

 

                                                                                                             Нысан

 

                                                                                     «БЕКІТЕМІН»

                                                                              Жоғары тұрған басшы

                                                                                   

                                                             ____________________________________
                                                                                            (тегі, аты-жөні)

                                                                    күні __________________________
                                                                                

                                                                     қолы____________________________

 

 

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік

қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

 

__________________________________ жыл

                           (жеке жоспар жасалатын кезең)

     

    Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):        _________________________________________________________________

    Қызметшінің лауазымы:   _______________________________________________________________

    Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің     атауы:____________________________________________________________________
__________________________________

 

   Р/с

 

БНИ

атауы

Саяси мемлекеттік қызметші  меморандумының,  «А» корпусы қызметшісі келісімінің   қай көрсеткіші    нен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қай құжатынан туындайды

   Өлшем бірлігі
 

  Жоспар лы мәні

Қол жеткізу мерзімдері

   Соңғы нәтиже*

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Басты нысаналы индикаторға қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер

 

Қызметші
___________________________
    (тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
___________________________
    (тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы      ____________________ 

 

Қазақстан Республикасы                                  

Еңбек  және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігінің «Б» корпусы

мемлекеттік әкімшілік

қызметшілерінің жұмысын

бағалау әдістемесіне

2-қосымша

 

 

                                                                                                       Нысан

                                                                                               «БЕКІТЕМІН»

                                                                                         Жоғары тұрған басшы

                                                                                                   

                                                                     ________________________________
                                                                                        (тегі, аты-жөні)

                                                                      күні____________________________
                                                                        

                                                                   қолы____________________________

 

 

БНИ бойынша бағалау парағы

 

   ____________________________________________________

(бағаланатын адамның Т.А.Ә., лауазымы)

 

____________________________________

(бағаланатын кезең)

 

 

 

Р/с

 

БНИ атауы

Өл шем

Бірлі гі

Жоспарлы мәні
 

Нақты мәні

Көрсеткішке қол жеткізілді/
көрсеткішке қол жеткізілмеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау нәтижесі __________________________________________________

(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)

 

Қызметші
___________________________
                    (тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
___________________________
                       (тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек  және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігінің «Б» корпусы

мемлекеттік әкімшілік 

қызметшілерінің жұмысын

бағалау әдістемесіне

3-қосымша

 

                                                                                          Нысан

 

 

Құзыреттер бойынша бағалау парағы

 

_________________жыл

                                       (бағаланатын жыл)

Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):          ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Бағаланатын қызметшінің лауазымы:     __________________________________

Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

 __________________________________________________________________

 

Р/с

Құзырет атауы

Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес)

Қызметшіде байқалмаған мінез-құлық индикаторларының атауы («күтілетін нәтижеге сәйкес емес» бағасын алған жағдайда)

1

Қызметті басқару

 

 

2

Ынтымақтастық

 

 

3

Шешім қабылдау

 

 

4

Жеделділік

 

 

5

Өздігінен  даму

 

 

6

Қызметті  тұтынушыға бағдарлану *

 

 

7

Қызметті тұтынушыларды хабардар ету *

 

 

8

Адалдық

 

 

9

Жауапкершілік

 

 

10

Бастамашылдық

 

 

11

Стреске төзімділік

 

 

*Лауазымдық  міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері «Қызметті  тұтынушыға бағдарлану»  және  «Қызметті тұтынушыларды хабардар ету» құзыреттері бойынша бағаланбайды.

 

Қызметші
___________________________
                    (тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
___________________________
                    (тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы                                  

Еңбек  және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігінің «Б» корпусы

мемлекеттік әкімшілік 

қызметшілерінің жұмысын

бағалау әдістемесіне

4-қосымша

 

                                                                                        Нысан

 

 

Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары

 

Құзыреттер атауы

Мемлекеттік  әкімшілік

лауазымдар санаты

Тиімді мінез-құлық индикатор лары

 

Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары

 

 ҚЫЗМЕТ ТІК БАСҚАРУ

C-2 (департамент

директорының

орынбасары);

C-3 (басқарма бас-

шысы, басқарма

басшысының орынбасары);

 

Бөлімшенің қыз-

Метін жоспарлау

жоспарлау мен

қамтамасыз етуге

қажетті ақпарат-

тарды жинақтап,

талдайды және

басшылыққа енгі-гізеді;

Сеніп тапсырылған  ұжымның жұмы-сын жоспарлайды және ұйымдасты-рады, олардың жоспарланған  нәтижелерге қол  жеткізуіне ықпал етеді;

Қызметкерлердің  қойылған міндет-терді орындау бойынша қызме-тін бақылайды;

Бөлімше жұмысының нә-тижелелілігін және  сапасын қамтамасыз етеді.

 

Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді;

  • Сеніп тапсырылған  ұжымның жұмысын  жоспарламайды және ұйымдастырмайды, олардың жоспарланған  нәтижелерге қол  жеткізуіне ықпал етпейді;
  • Қызметкерлердің  қойылған міндеттерді орындауын  бақыламайды;
  • Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және  сапасын қамтамасыз етпейді.

 

 

 

 

C-2; *

C-3; *

C-4;

C-5;

* Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетіл-

ген адамдарды қоспағанда

Басымдылығына қарай тапсырма-  ларды маңызды-лық  ретімен  қоя-ды;       Басшылыққа  сапалы құжаттар дайындайды және еенгізеді;

Шектеулі уақыт жағдайында жұмыс жасай алады.

    Белгіленген мер-зімдерді сақтай-ды.

Тапсырмаларды жүйесіз орындайды;

  • Сапасыз құжаттар әзір-
  • лейді;
  • Жедел жұмыс істемей-
  • ді;
  • Мерзімдердің бұзы-луына  жол береді.

ЫНТЫ          МАҚТАС ТЫҚ

C-1;

 

Өз құзыреті шегінде қызмет-керлерді мемле-        кеттік органдар- мен және ұйым-дармен өзара тиімді іс-қимыл жасауға бағдар-лайды;

Қойылған мін-деттерге қол жеткізу  үшін әрбір қызмет-кердің әлеуетін пайдаланады;

Басқа бөлімше-лермен бірлесіп  жоспарды іске асырады және ортақ нәтижелер- ге қол жеткізеді.

  • Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді  мем-лекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді іс-қимыл жа-сауға бағдарламайды;
  • Қойылған міндеттерге қол жеткізу  үшін кей-бір қызметкерлердің әлеуетін пайдаланады;
  • Басқа бөлімшелермен бірлесіп  жоспарды іс-ке асыра алмайды және ортақ нәтижелерге қол жеткізбейді.

 

C-2 (департамент директорының орынбасары);

 C-3 (басқарма басшысы,  басқарма басшысының орынбасары);

* Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетіл-

   ген адамдарды қос- пағанда

   Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады;

ББөлімшенің  және қоғаммен тиімді жұмысты ұйым-дастыру бойын-ша ұсыныс жа-сайды;

Б Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптес-терімен тәжіри-бесімен және білімімен  бөлі-седі;      Әрқайсысының нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтайды.

Қызметкерлер арасын-да өзара сенімсіз қа-рым-қатынас орната-тады;

  • Бөлімшенің және қоғаммен тиімді жұ-мыс ұйымдастыру бойынша ұсыныс жа-самайды;
  • Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және бі-лімімен  бөліспейді;
  • Бағынысындағы адамдардың нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтамайды.

 

C-2; *

C-3; *

C-4;

C-5;

* Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетіл-

  ген адамдарды қос- пағанда

Ұжымның жұ-мысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін анағұрлым тәжі-рибелі әріптес- теріне   жүгінеді;

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара іс-қимылды дамытады;

Пікір алмасады  және талқылау нәтижесін ескере отырып, тапсыр-маларды орын-дайды.

Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін анағұрлым тәжірибелі  әріптестеріне жүгін-   бейді;

  • Әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйым-дардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара іс-қимыл жасас-пайды.
  • Әріптестерімен міндет-терді талқыламайды.

ШЕШІМ

ҚАБЫЛ

ДАУ

C-1;

 

Міндеттерді дұ-рыс бөле алады;

Шешім қабыл- дау барысында болуы  мүмкін қатерлер туралы хабар-лайды;

Шешім қабыл-қдау  барысында балама нұсқа- нларды ұсынады;

Тиімді және жүйелі шешімдер қабылдайды;

Жеке тәжі-рибесіне, маңыз- ды болып табылатын басқа да мәліметтерге негізделген шешімдер қабылдайды.

Бөлімшеде міндеттерді дұрыс бөле алмайды;

  • Орын алуы мүмкін қа-терлер туралы хабарла-майды;
  • Шешім қабылдау  ба-рысында балама нұсқа-ларды ұсынбайды;
  • Тиімсіз және жүйеленбеген  шешім қабылдайды;
  • Шешім қабылдау барысында тек өзінің жеке тәжірибесіне жә-не көзқарасына сенеді.

 

 

C-2 (департамент

директорының

орынбасары);

C-3 (басқарма

басшысы, басқарма

басшысының

орынбасары);

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды қос-

пағанда

Бөлімше қыз-метін ұйым-дастыруда тап-сырмаларды дұ-рыс бөледі; Шешім қабылдау үшін қажетті ақпарат- тарды жинауды ұйымдастырады;Шешім қабыл-даудағы тәсіл-дерді ұжыммен  талқылайды;

 Әртүрлі дерек-көздерден алын-ған деректерді ескере отырып, болуы мүмкін қатерлерді тал-дайды және болжайды;

Болуы мүмкін қатерлер мен сал- дарларды ескере отырып, құзыреті ше- гінде шешім қабылдайды.

  • Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды;
  • Шешім қабылдау үшін қажетті ақпараттарды жинаумен жиі айналыспайды;

Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен

  • талқылаудан бас тартады және шешім қабылдаған кезде басқалардың пікірін ескермейді;
  • Болуы мүмкін қатерді талдап, болжамайды немесе әртүрлі дереккөздерден алынған деректерді ескермейді.  Шешім қабылдау барысында болуы мүмкін қатерлер мен  салдарларды ескермейді.

 

C-2; *

C-3; *

C-4;

C-5;

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды қос-

пағанда

Қажетті ақпарат-

ты таба алады;

Болуы мүмкін қатерлерді ескере отырып, міндет-терді  шешудің бірнеше нұсқа-сын ұсынады;

Өзінің пікірін  негіздеп білдіре-ді.

Қажетті ақпаратты таба алмайды;

  • Болуы мүмкін қатерлерді ескермейді немесе міндеттерді шешудің балама нұсқасын ұсынбайды;
  • Негізсіз пікір білдіреді.

 

ҚЫЗМЕТТІ

ТҰТЫНУ

ШЫҒА

БАҒДАРЛА

НУ

C-1;

 

 

Стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды ескеріп, нақты  міндеттер  қояды;

Қызмет көрсе-тудің  тиімді әдістерін біледі;

Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділілігін қамтамасыз етеді;

Қызметті тұтынушылардың  қанағаттанушы-лыығына мони-торинг жүргізеді және қызмет көр-сетуді жетілдіру жөніндегі  шара- ларды әзірлейді.

  • Стратегиялық мақсат- тар мен басымдықтар-
  • ды ескермей, анық емес міндеттер қояды;
  • Қызмет көрсетудің әдістері туралы шала-шарпы біледі;
  • Көрсетілетін қызмет-тердің қолжетімділігін
  • қамтамасыз етпейді;
  • Көрсетілетін қызмет бойынша тұтыну-шылардың  қанағат-танушылығына мони-торинг жүргізбейді және қызмет көрсетуді жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлемейді.

 

 

C-2 (департамент

директорының

орынбасары);

C-3 (басқарма

басшысы, басқарма

басшысының

орынбасары);

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды

қоспағанда

Сапалы қызмет көрсету жөнінде- гі жұмысты ұйымдастырады және туындаған мәселелерді ше-шеді;

     Қанағаттану деңгейін анықтау  үшін және кері байланысты қам-тамасыз ету мақ-сатында жағдай жасайды;

З   Қызмет көрсету-дің  сапасын ба-қылайды, сондай-ақ жеке үлгі болу арқылы көрсете-ді.

Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдас-тырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді;

  • Қанағаттану деңгейін анықтау үшін және кері байланысты қамтамасыз ету  мақсатында жағдай жасамайды;
  • Сапасыз қызмет көрсетуге жол береді, немқұрайлық таны-тады.

 

C-2; *

C-3; *

C-4;

C-5;

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды

қоспағанда

     Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді;                           Қызмет көрсетуге қанағаттану-шылық деңгейін және олардың сапасын талдай-ды және оларды жетілдіру жөнін-де ұсыныстар енгізеді;

Қыз  Қызмет көрсету  сапасын  жақсар-ту бойынша ұсы-ныстар енгізеді.

Қызмет алушыға дөрекілік көрсетеді және немқұрайлықпен қарайды;

  • Тұтынушының проблемалары мен мәселелеріне мән бермейді;
  • Қызмет көрсету сапа-
  • сын  жақсарту бойын-
  •  бойынша белсенділік танытпайды.

 

 

ҚЫЗМЕТТІ

ТҰТЫНУ

ШЫНЫ

ХАБАРДАР

ЕТУ

C-1;

 

Ұжымға тұты-нушыларды көр-сетілетін қызмет-тер туралы хабар-дар ету қажетті-лігін үнемі түсін-діреді;

Тұтынушылар-ды көрсетілетін қызметтер тура-лы хабардар ету-дің тиімді жүйе-сін құрады.

  • Ұжымға тұтынушы-ларды  көрсетілетін қызметтер туралы ха-бардар ету қажеттілігі туралы түсіндірмейді;
  • Тұтынушыларды көр-сетілетін қызметтер ту-ралы хабардар етудің тиімсіз жүйесін құра- ды.

C-2 (департамент

директорының

орынбасары);

C-3 (басқарма

басшысы, басқарма

басшысының

орынбасары);

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды

қоспағанда

Бағыныстағыла -     рын қызмет алу-шыларға түсінік-ті ақпарат беруге бағдарлайды;

Тұтынушыға ақ-паратты құрмет-пен және  жылы шырай танытып жет-кізеді;

Қызметті тұтыну-шылардың  пікі-ріне құрметпен қарайды.

Бағыныстағыларымен  қызмет алушыларға түсінікті  ақпарат беру бойынша жұмыс жүргізбейді;

  • Тұтынушыға ақпарат-ты жеткізбейді немесе немқұрайлы жеткізеді;
  • Қызметті тұтынушы-лардың пікірін елемей-мейді.

C-2; *

C-3; *

C-4;

C-5;

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды

қоспағанда

Қызмет алушы-ларды хабардар етудің тиімді тәсілдерін қол-данады;

Тұтынушыға ақ-паратты ауызша және жазбаша түрде  түсінікті жеткізеді;

Көрсетілетін қыз-меттер туралы ақпаратты уақты-лы қабыл-дай және жібере алады.

Қызмет алушыларды хабардар етудің тиімсіз тәсілдерін қолданады;

  • Тұтынушыға ақпаратты ауызша және жазбаша түрде жеткізбейді немесе түсініксіз жеткізеді;
  • Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алмайды.

ЖЕДЕЛДІ   ЛІК

C-1;

 

Ұжымға жаңа басымдықтарды уақтылы  жеткі-         зеді;

 Өзгерістерге уақ-тылы ден қою үшін тиімді ша-ралар қабылдай-ды;

 Бөлімшені  тиім-ді басқарады жә-не  ішкі және сыртқы өзгеріс-тер кезінде нәти-жеге қол жеткі-зеді;

     Жұмыстың жаңа тәсілдерін қолда-нуды талдайды және сол бойын-ша ұсыныстарын басшылыққа енгізеді.

  • Ұжымға жаңа басымдықтарды жеткізбейді немесе мерзімінен кеш жеткізеді;
  • Өзгерістерге уақтылы ден қою үшін шаралар қабылдамайды немесе тиімсіз шаралар қабылдайды;
  • Бөлімшені  тиімсіз басқарады және  ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізбейді;
  • Жұмыстың жаңа тәсілдерін қолдануды талдамайды және сол бойынша ұсыныстарын басшылыққа енгізбейді.

C-2 (департамент

директорының

орынбасары);

C-3 (басқарма

басшысы, басқарма

басшысының

орынбасары);

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды

қоспағанда

Жұмыстың жаңа  тәсілдерін пайда-лану жөніндегі  ұсыныстарды  қа-райды және бас-шылыққа енгізе-ді;

 Болып жатқан өзгерістерге тал-дау жасайды және жұмысты жақсарту бойынша уақ-тылы шаралар қабылдайды;

Өзгерістерге дұ-рыс ден қоюды өзінің үлгі-өнеге-сімен  көрсетеді.

  • Жұмыстың жаңа  тәсілдерін пайдалану жөніндегі  ұсыныстарды  қарамайды және басшылыққа енгізбейді;
  • Болып жатқан өзгерістерге талдау жасамайды және жұмысты жақсарту бойынша шаралар қабылдамайды;
  • Болып жатқан және күтпеген өзгерістер кезінде өзін-өзі бақыламайды.

 

 

 

C-2; *

C-3; *

C-4;

C-5;

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды

қоспағанда

   Жұмысты жақ -      сарту жөнінде ұсыныстар енгі-зеді;

Оларды енгізудің жаңа тәсілдері мен әдістерін зер-делейді;

Өзгерген жағдай-ларда өзін-өзі ба-қылайды;

Өзгеріп жататын

жағдайларға тез

бейімделеді.

Жұмыстың қолда-ныстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады;

  • Жаңа тәсілдер мен  оларды енгізу бойын-
  •  ша әдістерін зерделе-
  •  лемейді;
  • Өзгерген  жағдайларда өзін-өзі бақылай алмайды;
  • Өзгеріп жататын жағ-
  • дайларға бейімдел-мейді немесе баяу бейімделеді.

ӨЗДІГІНЕН

ДАМУ

C-1;

 

     Перспективті қызметкерлерді анықтайды және оларды жоғары-лату жөнінде ұсыныстар енгі-зеді;

     Қызметкерлерді дамыту  бойынша жүйелі шаралар-ды  қабылдайды;

     Әріптестерімен жинақталған  тә-жірибесімен,  біл-імімен бөліседі, сондай-ақ олар-дың даму деңгей-ін анық- тайды;  Өздігінен да-муға ұмтылысты өзінің жеке үлгісі арқылы көрсете-

ді.

  • Перспективті қызмет-керлерді анықтамайды және оларды жоғары-
  • лату жөнінде ұсыныс-

тар енгізбейді;

  • Қызметкерлерді дамыту  бойынша жүйелі шараларды  қабылдамайды немесе жүйесіз шаралар қабылдайды;
  • Әріптестерімен жинақ-талған  тәжірибесімен,  білімімен бөліспейді, сондай-ақ олардың да-
  •  му деңгейін анықта-
  • майды;
  • Өздігінен дамуға ұмтылысты өзінің жеке үлгісі арқылы көрсетуге көңіл бөлмейді.

C-2 (департамент

директорының

орынбасары);

C-3 (басқарма

басшысы, басқарма

басшысының

орынбасары);

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды

қоспағанда

Бағыныстылары-ның қызметтер деңгейін жоғары-лату бойынша іс-шараларды ұсы-нады;

Мақсатқа жету үшін өз құзырет-терін дамытады және бағыныс-тыларында олар-ды дамыту бойынша шара-шаралар қабыл-дайды;

 Бағыныстылары мен олардың құзыреттерін, оның ішінде дамытуды қажет ететін құзыре-терін  талқылай-ды.

Бағыныстыларының құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығу-шылық танытпайды;

  • Мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныс-
  • тыларының құзырет-терін дамытпайды;
  • Бағыныстыларымен олардың құзыреттерін талқыламайды.

 

 

C-2; *

C-3; *

C-4;

C-5;

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды

қоспағанда

Жаңа білімдер мен технология-ларға қызығушы-лық танытады; Өзіндігінен даму-ға ұмтылады,  жаңа ақпарат пен оны қолдану әдіс-терін  іздейді;

Практикада           тиімділікті арт-тыруға   жаңа  мүмкіндік бере- тін дағдыларды қолданады.

  • Жаңа білімдер мен тех-логияларға қызығушы- лық танытпайды;
  • Өзіндігінен дамуға ұм-тылмайды,  жаңа ақпа-рат пен оны қолдану әдістерін іздемейді;
  • Өзінде бар дағдылар-лармен шектеледі.

 

 

АДАЛДЫҚ

C-1;

 

Қызметкерлердің әдеп нормалары мен стандарт-тарын сақтауын қамтамасыз етеді;

Ұжымда мемле-кеттік қызметтің әдеп нормалары мен стандартта-рына  адалдық сезімін дамыта-ды;

Басқалардың жетістіктерін мо-йындайды, әріп-тестерінің намы-сы мен абыройы-на нұқсан келті-ретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін тал-қылаудан тарты-нады;

Әдеп  нормала-рының бұзылған-дығын анықтай-ды және оған  ден қояды;          Риясыздық, әділ-дік, адал ниет, сондай-ақ жеке тұлғаның намысы мен абы-ройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мі-нез-құлық-тың үлгісі болады.

Өз бөлімшесі жұмысының практикасына ашықтық, шы-найылық және әділдікке бағыт-талған әдеп нор-малары мен құн-дылықтарды  ин-теграциялайды.

  • Қызметкерлердің әдеп нормалары мен стан-дарттарын сақтауын қамтамасыз етпейді;
  • Мемлекеттік қызмет жолын ұстау әркімнің жеке ісі деп есептейді;
  • Басқалардың жетістік- терін мойындамайды, әріптестерінің намысы мен абыройына нұқсан келтіретін олардың  жеке және кәсіби қа-сиеттерін талқылауға жол береді;
  • Әдеп нормаларының бұзылғанына ден қой-майды;
  • Риясыздық, әділдік, адал ниет, сондай-ақ жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет танытпайды;
  • Өз бөлімшесі жұмысы-ның практикасында ашықтық, шынайылық және әділдікке бағыт-талған әдеп нормалары мен құндылықтарды  интеграцияламайды.

 

C-2 (департамент

директорының

орынбасары);

C-3 (басқарма

басшысы, басқарма

басшысының

орынбасары);

 

Қабылданған  стандарттар мен нормалардың, шектеутеулер мен тыйымдар-дың сақталуын бақылайды;

Ұжымның мүддесін өз мүд-десінен  жоғары қояды;

Жұмыста табан-дылық танытады;

Ұжымда сый-ластық пен сенім ахуалын  қалып-тастырады;

Бағыныстыла-рының іс-әреке-тінде шынайы-лық  және әділет-тілік принципте-рін сақтауды қам-тамасыз етеді;

Риясыздық, әділдік, адал ниет, сондай-ақ жеке тұлғаның намысы мен абы-ройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлық-тың үлгісі болады.

  • Ұжымда белгіленген  стандарттар мен нор-малардың, шектеулер мен тыйымдардың сақ-талмауының орын ал-уына жол береді;
  • Өз мүддесін ұжым мүддесінен  жоғары қояды;
  • Жұмыста табандылық танытпайды;
  • Ұжымда сыйластық пен сенім ахуалын қа-лыптастырмайды;
  • Бағыныстыларының іс-әрекетінде шынайы-лық  және әділеттілік принциптерін сақтау-ды қамтамасыз етпей-ді.

 

 

C-2; *

C-3; *

C-4;

C-5;

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды

қоспағанда

  Белгіленген әдеп нормалары мен стандартта-рына  сүйенеді;

 Өз жұмысын адал орындайды;

 Өзін адал, қа-рапайым, әділ ұс-тайды және бас-қаларға сыпайы-лық және биязы-лық танытады.

 

  • Белгіленген әдеп нор-малары мен стандарт-тарына сай келмейтін мінез-құлық танытады;
  • Өз жұмысын орындау барысында немқұрай- лық танытады;
  • Өзінің адал емес, теріс қылықты  екенін білдіреді және басқа-ларға дөрекі және мен-сінбеушілік  қасиетте-рін танытады.

СТРЕСКЕ

ТӨЗІМДІ 

ЛІК

C-1;

 

Сынға сабыр-лықпен қарайды және негізді бол-ған жағдайда,  кемшіліктерді жою  жөнінде шаралар  қабыл-дайды.

  • Сынға сабырсыз қарай- ды және негізді болған жағдайда,  кемшілік-терді жою  жөнінде шаралар  қабылдамай-ды.

 

C-2 (департамент

Директорының

орынбасары);

C-3 (басқарма

басшысы, басқарма

басшысының

орынбасары);

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды

қоспағанда

Сынға сабыр-лықпен қарайды және негізді бол-ған жағдайда, кемшіліктерді жою  жөнінде шаралар  қабыл-дайды.

Сынға сабырсыз қарай-ды және негізді болған жағдайда, кемшілік-терді жою  жөнінде шаралар  қабылдамай-ды.

 

C-2; *

C-3; *

C-4;

C-5;

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды

қоспағанда

Сынға сабыр-лықпен қарайды және негізді бол-ған жағдайда,  кемшіліктерді жою  жөнінде шаралар  қабыл-дайды.

  • Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда,  кемшіліктерді жою  жөнінде шаралар  қабылдамайды.

 

 

 

   ЖАУАП          КЕРШІЛІК

C-1;

 

Құрылымдық бө-лімшенің  қыз-метін ұйымдас-тыруды жеке жа-уапкершілігіне алады.

Құрылымдық бөлімше-нің  қызметін ұйымдас-тыру жауапкершілігін басқа лауазымды адам- ға жүктейді.

C-2 (департамент

директорының

орынбасары);

C-3 (басқарма

басшысы, басқарма

басшысының

орынбасары);

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды

қоспағанда

Құрылымдық бөлімше қызме-тін ұйымдастыру-ды  жеке жауап-кершілігіне ала-ды.

 

  • Құрылымдық бөлімше-нің  қызметін ұйымдас-тыру жауапкершілігін басқа лауазымды адам-ға жүктейді.

C-2; *

C-3; *

C-4;

C-5;

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды

қоспағанда

   Өз әрекеттері мен нәтижелері үшін жауапты бо-лады.

 

Өз әрекеттері мен нәтижелері үшін жауапкершілікті басқаларға  артады.

 

БАСТАМА

ШЫЛДЫҚ

C-1;

 

     Қызмет  тиім-ділігін  арттыруға бағытталған ин-новациялық тә-сілдер мен шешімдерді енгі-зу жөніндегі ұсыныстарды қа-райды және әзірлейді.

Қызмет  тиімділігін  арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдерді енгізу жөніндегі ұсыныстар-ды қарамайды және әзірлемейді.

 

C-2 (департамент

директорының

орынбасары);

C-3 (басқарма

басшысы, басқарма

басшысының

орынбасары);

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды

қоспағанда

   Қызмет тиімділі-гін арттыруға  бағытталған ин-новациялық тә-сілдер мен  ше-шімдерді енгізу бойынша ұсы-ныстарды талдай-ды және енгізеді.

 

Қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдер  мен шешімдерді енгізу бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді.

 

C-2; *

C-3; *

C-4;

C-5;

* Осы бағанның

жоғары тұрған

жолында көрсетіл-

ген адамдарды

қоспағанда

Идеялар мен әзір-лемелер   енгізеді және өзінің негіз-гі мін-деттерінен басқа  қосымша жұмыстарды орындайды.

 

  • Идеялар мен әзірлеме-лер   енгізбейді және өзінің негізгі міндет-терінен басқа қосымша қосымша жұмыстарды орындамайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы                                  

Еңбек  және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігінің «Б» корпусы

мемлекеттік әкімшілік

қызметшілерінің жұмысын

бағалау әдістемесіне

5-қосымша

 

 

                                                                                           Нысан

 

                                                                                                  «БЕКІТЕМІН»

                                                                                               Уәкілетті адам

                                                                            

                                                                   _________________________________

                                                                                 (тегі, аты-жөні)

                                                                                  

                                                                күні_______________________________

                                                                               

                                                                       қолы__________________________

 

 

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

  _________________________________________________________________

(мемлекеттік органның атауы)

__________________________________________________________________

(бағалау кезеңі, жыл)

 

Бағалау нәтижелері

 

Р/с

Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бағалау нәтижелері туралы мәліметтер

Бағалау нәтижелерін Комиссияның түзетуі (бар болса)

Комиссия ның ұсынымдары

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

...

 

 

 

 

      Комиссия қорытындысы:

      _______________________________________________________________

      Тексерілді:

Комиссияның хатшысы: ___________________________ Күні: ___________(тегі, аты-жөні, қолы)

 

      Комиссияның төрағасы: ____________________________ Күні: ____________(тегі, аты-жөні, қолы)

 

      Комиссияның мүшесі: _____________________________ Күні: _____________(тегі, аты-жөні, қолы)

 

ТіркемеМөлшер
Package icon prikaz_rus.zip88.37 KB
Package icon prikaz_kaz.zip111.83 KB
26 шілде, 2018 - 10:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші