check

You are here

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің қарары

Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің

ҚАРАРЫ

 

 Астана қ.                                                                                                2018 жылғы 22 маусым 

 

Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е. Әбілқасымованың Министрліктің  стратегиялық жоспардың, бюджеттік және мемлекеттік бағдарламалардың басты көрсеткіштеріне қол жеткізу  бойынша қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы есебін тыңдап, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

  1. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е. Әбілқасымованың есебі назарға алынсын.
  2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметі қанағаттанарлық деп саналсын.
  3. Министрлікке мыналарды:
  1. Министрліктің қызметін БАҚ-та кеңінен ақпараттық жариялауды, оның ішінде еңбек заңнамасы, зейнетақы жүйесін жаңғырту, халықты жұмыспен қамтуды және аз қамтылған азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмек жүйесін реформалауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірлескен түсіндірме жұмысын жүргізуді;
  2. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын тиімді іске асыруды және оны іске асыруға бөлінген қаражатты мақсатты, уақтылы пайдалануды;
  3. халықты жұмыспен қамту және әйелдер мен жастарды жұмыспен қамтуды ескере отырып жұмысыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша жағдайға мониторинг жүргізуді;
  4. формальды емес жұмыспен қамтылған адмадарды және жұмыссыз азаматтарды, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына белсенді түрде тартуды;
  5. мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоғамға интеграциялау үшін жағдайлар жасауды, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамытуды;
  6. еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды  жүзеге асыруды, оның ішінде жалақыны, әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлеуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
  1. Қоғамдық кеңес баспасөз қызметімен, Министрліктің жауапты құрылымдық бөлімшелерімен бірге Қоғамдық кеңестің барлық мүшелерінің Министрлік іске асырып жатқан жаңашылдықтар, оның ішінде  өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту,  формальды емес жұмыспен қамтылғандардың қызметін легализациялау  процестерін жүргізу, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша түсіндірме жұмысын жүргізуі жөніндегі жол картасын әзірлесін.

 

 

Қоғамдық кеңес Президиумының мүшелері:

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

 

 

 

М. Әбілқасымова

 

 

                                                                            

Қоғамдық кеңестің төрағасы                      

 

А. Қаржаубаев

Еңбек мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы

 

Н. Радостовец

 

Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы

 

 

Г. Жұмагелдиева

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 6-1._rezolyuciya_kaz.doc44 KB
Бөлімдер:
13 шілде, 2018 - 15:37 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші