You are here

Жаңа кәсіптердің заманы

16.04.2018

Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. Ал көптеген мектеп түлектері мен олардың ата-аналары басы қатып, ғаламторды шарлап, таныстардан сұрастырып, кәсіп таңдауға келгенде дал болып отыр. Бұл - бүгінгі оқушының ертең студент атанатын кезі. Соған қарамастан, дұрыс таңдау жасадық па, мүмкін басқа мамандықты таңдау қажет шығар, мүмкін басқа жоғарғы оқу орнына түсу керек болар, мүмкін тіпті шетелде оқу керек шығар деген сан алуан сұрақтар кез келген оқушы мен оның ата-анасын мазаламай қоймасы анық.

Еңбек нарығы адымдап өзгеріп жатқанын ескерсек, өз ісіңді табу оңай жұмыс болмай отыр. Дегенмен, Қазақстан әлемдік трендтерден қалмай, нарық үшін өзекті болатын білім беру бағдарламаларын дайындап жатыр.

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы бойынша кәсіптік стандарттар негізінде 70 білім беру бағдарламасы дайындап шығарылады. Жаңа бағдарламалардың бір легі биылдың өзінде еліміздің жоғарғы оқу орындарында пилоттық нұсқада іске қосылады. Олардың көпшілігі жаңа кәсіптерге арналған.

Мамандарды жоғарғы оқу орнында және жоғарғы оқу орнынан кейін даярлаудың 6 бағыты белгіленген. Болашақта өзекті болатын мамандықтар қатарында агроинформатиктер, IT-генетиктер, робот техникасын үйрететін педагогтер сынды мамандар бар. Жоғарғы білім беру бағдарламасын дайындаумен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті айналысып жатыр.

Бағдарламаларды арнайы сарапшылар тобы дайындауда. Олардың құрамында жұмыс берушілердің кәсіби қауымдастықтарының өкілдері де бар, өйткені қандай да бір маманда қандай біліктіліктер болуы керектігін жұмыс берушілерден жақсы білетін ешкім жоқ екені сөзсіз.

Бастапқы кезеңде сарапшылар тобы еңбек нарығын және жұмыс берушілердің ұсыныстарын зерттейді. Бұл білім беру бағдарламасының «кірпішін» қалайтын білім беру модульдеріне қойылатын талаптарды түсінуге көмектеседі.

Осыған қатар еңбек функцияларының тізімі қалыптастырылады, бұл – шетелдік тәжірибені, кәсіптік стандарттарды, Қазақстан экономикасының ерекшеліктерін және оқыту әдістемелерін ескеретін әрбір кәсіпке арналған арнайы біліктер. Тізімдерді салалық қауымдастықтар бекіткен соң, келесі кезең басталады: білім беретін ұйымдар модульдердің бағдарламаларын талқылайды. Кейін сарапшылар тобы әрбір модульдің көлемі мен ұзақтығын, ең бастысы, оқу соңында әрбір студент біліп, істей алуы керек білімдер мен дағдыларды белгілейді. Білім беру бағдарламасының бастапқы нұсқасы осылай құрылады.

Қазір бағдарламалар жобасы дайындалу үстінде. Кейін оларды Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі қарастырып шығады. 2018 жылдың қыркүйегінің өзінде бұл бағдарламалар пилоттық нұсқада жоғарғы оқу орындарында іске қосылады. Оқыту нәтижелері қаншалықты дұрыс белгіленгенін, студенттердің дағды деңгейін пилоттық кезең көрсетіп береді. Оның қорытындысы бойынша бағдарламалар түзетіледі.

Осылай көп сатылы тексеруді жүзеге асыру аса қажет, өйткені жаңа мамандар заман талабына сай болуы тиіс. Білім беру бағдарламаларын дайындаушылардың көздеген түпкі мақсаты – осы бағдарламаларды нарықтың талабына жауап бере алатындай дәл әрі  өзекті ету. Осының арқасында талапкерлер заманға сай білім алып, ата-аналар өз балаларының кәсіби болашағы үшін алаңдамайтын болады.

https://informburo.kz/stati/vremya-novyh-professiy.html

1 шілде, 2018 - 22:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші