You are here

Кардларды даярлаудың әліппесі

13.03.3018

Білікті кадрларды оқыту маманда қандай білімдер мен біліктер болуы тиіс екендігін түсінуден басталады. Биыл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 15 сала бойынша 70 кәсіптік стандартты дайындап шығарады. «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында жаңа әдістемеге сәйкес дайындалатын бұл кәсіптік стандарттар қажетті мамандарды даярлаудың негізіне айналмақ.

Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы үш салаға арнап кәсіптік стандарттарды қалыптастырады. Қауымдастықтың жұмыс жүргізу ерекшеліктері жөнінде оның атқарушы директоры Николай Радостовец әңгімелеп берді.

- Николай Владимирович, дәл осы салалық қауымдастықтардың кәсіптік стандарттарды дайындаумен айналысып жатқандығының себебі неде?

- Себебі қарапайым ғана нәрсе: жұмыс берушілерге қажетті біліктіліктерге ие болған кезде ғана кадрлар бүкіл мәселені шешіп бара алатын негізге айналады. Кәсіптік стандарттарды дайындау кезінде жұмыс берушілердің пікірі мен талаптарын ескеру қажет, өйткені университеттер мен колледждерді бітіріп шыққан жас мамандар дәл осыларға келіп, жұмыс жасайды. Ал салалық қауымдастықтар еңбек нарығындағы басты тапсырыс беруші ретінде жұмыс берушіні осы іске кеңінен ат салыстырады. Бүгінгі күні қабылданған кәсіптік стандарттар алдағы уақытта мамандарды даярлап шығаратын білім беру бағдарламаларының негізін қаламақ.

 

- Сіздің қауымдастығыңыз қандай кәсіптерге арнап стандарттарды дайындап жатыр? Бұл тізімді кім және қалай белгілеп берді?

- Біз тау-кен металлургиялық кешен, геологиялық барлау және мұнай-газ кешені сынды үш бағытқа арнап жеті кәсіптік стандартты дайындауға ат салысып жатырмыз. Стандарттарды даярлау барысына жұмыс берушілерді тарту қажет болғандықтан, біз осы жұмысқа қатысып отырмыз, оның үстіне берілген стандарттар жұмыс берушілер үшін өзекті болған кәсіптерге сәйкес қалыптастырылды. Жұмыс тобының басты міндеті – жұмысқа қабылдау кезінде өндірісте өзекті болатын еңбек дағдылары мен функцияларын анықтап беру. Осы саладағы жерасты әдісімен темір кенін өндіру, болат балқыту өндірісі, шойынды өндіру сынды күрделі бағыттар бойынша кем дегенде бес кәсіп карточкасынан тұратын кәсіптік стандарттар қалыптастырылды. Біздің қауымдастыққа мүше кәсіпорындардың оларда сұранысқа ие мамандықтарға қатысты кеңестерін ескере отырып, қауымдастық алаңында тау-кен металлургиялық кешенге арналған кәсіптер тізімі белгіленді. «Геология және жер қойнауын барлау» кәсіптік стандартын және кәсіп карточкаларының атауын Геологиялық және өндірістік ұйымдар қауымдастығы, ал «Бұрғылау бригадасы», «Бұрғылауды басқару», «Мұнара тұрғызу жұмыстары» сынды кәсіптік стандарттарды «Kazenergy» қауымдастығы ұсынды.

- Кәсіптік стандарттарды дайындау қағидалары жөнінде толығырақ айтып берсеңіз. Осы жұмысқа жұмыс берушілерді қалай қатыстырып жатырсыздар?

- Іс жүзіне келгенде, біз үшін бұл жаңа жұмыс емес. Қауымдастығымыз 2012 жылдан бастап кәсіптік стандарттарды даярлауға қатысып келеді. Біз кәсіпорындармен, жоғарғы оқу орындарымен, колледждермен, құзыретті органдармен және басқа да мүдделі тараптармен жұмыс жүргізу және өзара әрекеттесу жүйесін және алаңын құрып қойғанбыз. Бастапқы сатыда білікті сарапшыларды тарта отырып, жұмыс топтары құрылды. Әрбір топтың өз міндеттері мен атқаратын қызметтері бар, әрбір жұмыс тобында жүргізіліп жатқан жұмысты бір ортаға біріктіп, бірізді түрде орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірушілер жұмыс жасайды.

- Кәсіптік стандарттардың сапасын қамтамасыз ететін тетік бар ма?

- Әрине. Бірінші кезекте, тікелей жұмыс беруші ұйымдардың және барлық мүдделі тараптардың осы іске ат салысуы сол сапаны қамтамасыз етеді. Кәсіптік стандарттарды дайындап отырған ұйым ретінде белгіленген нормативтік құжаттар және уақытқа қойылатын талаптарға сәйкес бізге нақты міндеттер белгіленген. Жұмыс берушілермен бірлесе отырып, біз стандарттарды дайындаудың әрбір кезеңінің орындалу сапасын бағалайтын өлшемдерді жасап шығардық, бұл сұранысқа ие кәсіптік стандарттарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

-  Мамандардың біліктіліктері нарық пен жұмыс берушілердің талаптарына жауап беруі тиіс екендігі белгілі. Кәсіптік стандарттарды тұрақты түрде жаңартып тұру қалай жүзеге асырылады?

- Бұл мәселе біздің ұстанатын әдістемелік ұсыныстарда ескеріліп, нақты жазылып қойылған. Дайындалған кәсіптік стандарттар ол бекітілгеннен кейінгі 3 жылдан соң  алғаш рет қайта қарастырылады. Осы уақыт ішінде біз стандарттардың тәжірибеде қалай өзгеріп, қандай нәтижелер беріп жатқандығын зерттеп, түйткілді тұстарын анықтай аламыз. Ары қарай кәсіптік стандарт тек 5 жылдан соң ғана қайта қарастырылмақ. Осындай мерзім аралығында кәсіптік стандарттарды дайындаушы ұйым қажет болған жағдайда оларды дер кезінде жаңартып, түзей алады. Осы жағдайда кәсіптік стандарттар әрқашанда нарық үшін өзекті болып отырады.

- Сіздің салаңыздағы кәсіптік стандарттардың ерекшеліктері неде?

- Сұранысқа ие болуында. Басынан бастап, стандарттарды дайындауды жоспарлау кезеңінің өзінде салаға қажетті кәсіптер іріктеліп алынды. Кәсіптік стандарттар ары қарай білім беру бағдарламасының негізіне айналатынын тағы да баса атап өткім келеді. Сол бағдарамалар бойынша еліміздің басты экономика секторларының біріне арнап болашақ мамандар дайындалады.

- Кәсіптік стандарттар шынымен де жұмыс берушілерге қажет пе, әлде бұл «жоғарыдан» келген бұйрық па?

- Бұл заман талабына сәйкес орын алып жатқан жұмыс. Кәсіптік стандарттарсыз қай салада болмасын білікті кадрлар тобын қалыптастыру мүмкін емес. Маман сұранысқа сай боламын десе, заман қадамынан қалмай, «тұтынушының», яғни жұмыс берушінің талаптарына сәйкес келуі тиіс. Осыған орай біздің басты міндетіміз – жұмыс берушіге қажет болған негізгі өлшемдерден тұратын және де уақыт талабына жауап беретін құжатты дайындап шығару. 

Подробнее: https://tengrinews.kz/conference/244/

1 шілде, 2018 - 22:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші