You are here

Профессиям будущего будут обучать в КазахстанеҚазақстанда келешекте жоғарғы сұранысқа ие болатын мамандықтар оқытылады

04.04.2018

Қазақстанның еңбек нарығында жаңа кәсіптер пайда болмақ: «физиктер» мен «лириктердің» келешек буыны заманауи білім бағдарламасы бойынша оқитын болады.

 

Техникалық және кәсіптік білімді игеруге мүмкіндік беретін жаңа бағдарламалар «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында дайындалған кәсіптік стандарттарға негізделіп отыр.

Білім бағдарламаларының тізіміне ақпараттық технологиялар, радиотехника және байланыс, химиялық өндіріс, энергетика, құрылыс, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту сынды әртүрлі салалық бағыттар кіреді. Бағдарламалардың тізімі ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұсынылып, мақұлдауынан өткен.

Техникалық және кәсіптік білімге кіретін мамандықтардың жіктегіші техникалық кәсіптермен толығып отыр. Бұл заңды да: технологиялар әрбір үш жыл сайын өзгеріп, әрбір бес жылда ескі мамандықтардың орнын жаңа мамандықтардың легі басып отыратыны белгілі. Осыған орай нарықта қазірдің өзінде жаңа кәсіптер пайда болып, олардың негізінде техникалық және кәсіптік білім жіктегішіне жаңа мамандықтар енгізіліп отыр. Таяу уақытта Қазақстанда бағдарламалық жабдықтаманы қолдаумен айналысатын мамандықтар, мобильдік байланыс жүйелері жөніндегі техниктер, машина-аралық технологияларға («М2М») арналған телекоммуникациялық жүйелерді меңгерген техниктер, сметалық есеп айырысу жөніндегі техниктер, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар инфрақұрылымын басқаратын зияткерлік жүйелерді жобалаушы техниктер сынды сан алуан жаңа мамандар нарыққа қосылады.

Білім беру бағдарламалары «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында дайындалып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақұлдауынан өткен нұсқаулыққа сәйкес дайындалып жатыр. Аталмыш нұсқаулықты дамып жатқан елдердегі экономикалық, әлеуметтік және институциялық мәселелердің тұрақты шешімін іздеуге табысты түрде қолғабыс етіп отырған белгілі халықаралық консалтингтік компания дайындап шығарған.

Жоғарғы оқу орындары мен колледждерге арналған бірыңғай нұсқаулық техникалық және кәсіптік білімнің, жоғарғы білімнің деңгейін ықпалдастыруға көмектеспек. Осының арқасында техникалық және кәсіптік білім бағдарламалары аясында өтілген оқудың нәтижелері жоғарғы білім алған кезде есепке алынатын болады. Аталмыш құжатта кәсіптік стандарттар мен білім бағдарламаларының өзара байланысы нақты тәртіптеліп, бірінші қадамнан бастап, білім беру сапасын бағалауға дейінгі бүкіл үдеріс бірыңғай құрылымға келтірілген.

Бағдарламаны дайындаумен осы жоба аясында оқудан өткен сарапшылар тобы айналысып жатыр. Сондай-ақ, бұл жұмысқа оқу мекемелерінің өкілдері, жұмыс берушілер мен кәсіпорындардан тұратын салалық бірклестіктердің өкілдері ат салысуда. Мәселен, «Мектепке дейінгі ұйымдардағы логопед» мамандығына арналған бағдарламаларды қалыптастыру кезінде осы мамандық аясындағы біліктіліктердің үлгісін құруға «Результат» Логопедия және оңалту орталығы қатысты.

Тыңғылықты әрі бірізділікпен жүргізіліп жатқан осы жұмыстың нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беретін бағдарламалар өзектіленіп, олардың негізінде оқу мекемелері нарықтың талабына толығымен жауап беретін біліктіліктері мен дағдылары бар мамандарды дайындай алады.

Источник: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/professiyam-buduschego-budut-obuchat-v-kazahstane-341279/

1 шілде, 2018 - 22:10 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші