You are here

Болашақтың кәсіптік стандарттарын бірге қалыптастырамыз

21.02.2018 

Қазіргі заманғы көптеген кәсіптердің тарихы ежелгі өркениеттерден бастау алады. Дегенмен, уақыт бір орында тұрмайды, жаңа мамандықтар пайда болып, бұрынғылары өзгеріске түседі. Бүгінгі күні кәсіп иелерінде қандай дағдылар болуы тиіс, оларды нақты жұмысқа қалай дайындау қажет – осы мәселелердің барлығы Ұлттық біліктіліктер жүйесін дамыту арқылы шешімін табуда.

2017 жылы Қазақстанда салалық қауымдастықтардың ат салысуымен алғашқы 70 кәсіптік стандарт дайындала бастады. Жалпы алғанда барлығы 550-ге тарта стандарт құрылады. Осы стандарттарды талқылауға қатысқысы келетіндер, ең бастысы, ұтымды ұсыныстарын беріп, өз пікірімен ашық бөлісуіне болады. Кәсіптік стандарттар жобасымен мына сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.enbek.gov.kz/ru/node/348389.

Қазақстанда Ұлттық біліктіліктер жүйесі 2012 жылдан бастап дамып келеді. 2016 жылдан бастап бұл бағыттағы жұмыс ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» атты жобасы аясында жалғастырылды. Қазіргі таңда кәсіптік стандарттардың жаңа буыны дайындалып, олардың негізінде заманауи білім беру бағдарламалары құрылып жатыр, сондай-ақ, тәуелсіз сертификаттау жүйесі де даму үстінде.

Жұмыс берушілер әмбебап кәсіптік стандарттар көмегімен қызметкерлерге қандай білімдер және нақты қандай дағдылар қажет екенін анықтай алады. Заман талабына сәйкес дайындалған білім беру бағдарламалары шынымен де сұранысқа ие болатын мамандарды даярлауға көмектеседі. Сонымен қатар, осының арқасында қандай маманның қандай біліктілікті игеруге үміткер бола алатыны, ол біліктілікті қайдан алуға болатыны және ол үшін не істеу қажет екендігі айқын әрі түсінікті бола түспек.

Қазіргі таңда кәсіптік стандарттарды дайындаудың әдістемесі жаңартылып, қолданыстағы отандық стандарттарға талдау жүргізіліп, Австрия мен Германиядан бастап, Жапония мен Оңтүстік Корея сынды тағы да басқа 14 елдің тәжірибесі зерттелінді. Қазіргі әлемде оқытудың мінсіз үлгісі ешбір жерде жоқ екенін атап өткен жөн, әрбір ел біліктіліктер жүйесін өзі жасап, елдің қажеттіліктері мен жағдайына сәйкес оны бейімдейді. Қандай біліктілік қажет және ол кімге керектігін бәрінен бұрын жұмыс жасап жүрген мамандардың өзі жақсы біледі.

Қазір мыңдаған компания қайта оқытуды, осы мақсатқа қосымша қаржы бөлуді қажет етпейтін білікті мамандарды іздеуде. Осыған қарамастан жұмыс іздеп жүрген мыңдаған маман талабы анық емес бос жұмыс орындар туралы хабарламаларды қарап шығуға мәжбүр. Ұлттық біліктіліктер жүйесінің мақсаты – осы екі тараптың мүддесін ақтай отырып, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдікке келтіру.

 https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/budut-formirovatsya-professionalnyie-standartyi-kazahstane-338137/

1 шілде, 2018 - 21:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші