You are here

Отандық жоғарғы оқу орындарындағы және колледждердегі білім беру бағдарламалары жаңа әдістеме бойынша дайындалады

14.12.2017

ҚР Еңбек министрлігі және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Дүниежүзілік банктің техникалық және қаржылық қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында Кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын дайындауға арналған жаңа әдістеме жобасы әзірленді. Қазіргі мүдделі тараптар әдістеме жобасын мақұлдасып жатыр. Әдістеме аясында төрт кезең қамтылған: дайындық кезеңі, жобалау кезеңі, дайындау кезеңі және білім беру бағдарламаларын дайындау сапасын бағалау кезеңі.

Дайындық кезеңінде құзыреттіліктер үлгісін қалыптастыру арқылы әртүрлі мамандарды даярлау жөніндегі еңбек нарығындағы талаптарды нақтылап алу мақсатында кәсіби салаға талдау жүргізу ұсынылған. Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларын дайындаумен айналысатын академиялық комитеттерді немесе жұмыс топтарын құру көзделген. Олардың құрамына тәжірибелі оқытушылар, кәсіпорын жұмысшылары, салалық қауымдастықтардың өкілдері кіреді.

Жобалау кезеңі аясында білім беру бағдарламасының еңбек нарығы жағынан және де түлектер жағынан қаншалықты сұранысқа ие екендігі талданып, білім беру стандарттары, білім беру бағдарламасы және кәсіптік стандарттар арасындағы өзара байланыс анықталады.

Бүкіл негізгі жұмыс дайындау кезеңінде жүргізіледі: білім беру бағдарламасының мақсаттары, оқу нәтижелері белгіленіп, оқу модульдерінің құрылымы мен сипаттамасын, модульдық білім беру бағдарламасының жобасын жобалау және дайындау бағытында жұмыс жүргізіледі.

Жобаның қорытынды кезеңінде құзыреттіліктер үлгісін бағалау, ішкі және сыртқы сараптама рәсімдеріне, білім беру бағдарламасына мониторинг жасау, бағалау және қайта қарастыру шаралары өткізіледі деп күтілуде.

Қазіргі таңда білім беру бағдарламаларын дайындауға арналған отандық тәжірибеге сәйкес еңбек нарығына, нақты мамандарға деген қажеттілікке зерттеу жүргізілмейді, білім беру бағдарламалары еңбек нарығындағы қажеттіліктеріне сәйкес дайындалмайды. Қызмет салаларының көбісінде жаңаланған кәсіптік стандарттар жоқ болғандықтан, жоғарғы оқу орындары мен колледждер білім беру модульдерін дайындау кезінде жұмыс берушілерді шақырады. Алайда олардың бұл іске қатысуы бағдарламаға нақты бір пәндер тізімін енгізу туралы ұсыныспен ғана шектеледі.

Әдетте, білім беру бағдарламаларын бағалау нәтижесіне қарап оқу мекемесі бағдарламаның тиімділігі жөнінде қорытынды жасап, оны кеңейту не жабу туралы шешім қабылдайтындықтан, білім беру бағдарламаларына бағалау жүргізу аса қажетті жұмыс болып табылады. Соған қарамастан  оқу мекемелері өздігінше бұл бағытта жұмыс жүргізбейді.

Білім беру бағдарламаларын дайындауға арналған жаңа әдістеме жоғарғы оқу орындары мен колледждердегі оқыту қызметтерінің өзектілігін арттырып, оған деген сұранысты көтеруге мүмкіндік бермек.

https://www.nur.kz/1705900-obrazovatelnye-programmy-dlya-vuzov.html   

1 шілде, 2018 - 21:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші