You are here

Қазақстанда электрондық еңбек биржасы құрылды

12 желтоқсан 2017 

Қазақстанда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша бос жұмыс орны мен қызметкерлерді іздеуге арналған бірыңғай онлайн-платформа – Электрондық еңбек биржасы құрылды. Жаңа онлайн-платформаның артықшылықтары және оның функциялары жөнінде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғандықов тарқатып айтып берді.

 

- Дәулет Рашидұлы, Электрондық еңбек биржасы не үшін құрылды?

- Электрондық еңбек биржасы – бос жұмыс орындары және түйіндемелерді ақысыз негізде жариялап, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлік алаң. Электрондық биржа www.enbek.kz интернет-ресурсының базасында қызмет жасайды. Бұған дейін мекемелер штаттағы жұмысшылар санын кеңейту немесе қысқарту жоспарлары жөнінде мемлекетке хабарлап отыру үшін Халықты жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгінуі қажет болатын. Енді бұл жұмыс портал арқылы жүргізілетіндіктен, бизнестің қызметін жеңілдетуге және әкімшілік кедергілерді алып тастауға мүмкіндік пайда болып отыр. Сондай-ақ, электрондық еңбек биржасы бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы бүкіл деректі бір сайт ішінде біріктіруге көмектеседі.

 

- Жұмыс іздеуге көмектесетін басқа ресурстардан Электрондық биржаның айырмашылығы неде?

- Біздің қызметтер жеке деректерді қорғау туралы заңнаманың бүкіл талаптарын сақтай отырып, жұмыс іздеушінің жеке келісім беруімен оған қатысты жеке деректерді тексеруге мүмкіндік береді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары осы портал арқылы қызметкерлерді іздеу бойынша қызметтерді атқара алады. Компаниялар жарияланған бос жұмыс орындарына қатысты жұмыс іздеушілердің түйіндемелерін өздерінің жеке кабинеттерінде ала алады. Бұл түйіндемелерді алдын ала іріктеумен осы орталықтар айналысатын болады. Рекрутингтік агенттіктер өздеріне қажетті жұмыс іздеушілер туралы деректерді биржадан жүктеп ала алады. Мемлекет жағынан қарастыратын болсақ, жұмысқа орналасқысы келетін тұлғалардың мүддесі көбірек қорғалып отыр. Қазіргі таңда біз жұмысқа орналастырумен айналысатын 24 жекеменшік агенттікпен ынтымақтасып отырмыз. Жұмыс іздеушілер немесе жұмыс берушілер де портал арқылы осы компанияларды тауып, олардың көмегіне жүгінуіне болады, алайда мұндай қызметтердің бағасы жөнінде өзара келісуі тиіс болады.

 

- Портал қазір қандай режімде жұмыс жасап жатыр? Қазіргі таңда қолданушыларға қанда функционал қолжетімді?

- Электрондық еңбек биржасы іске қосылып қойған, қазір оған жұмыспен қамту орталықтарының барлығы қосылып жатыр. Жұмыс берушілер порталда бос жұмыс орындары туралы ақпаратты жариялап, жұмыс іздеп жүрген тұлғалардың дерек базасын қолдану арқылы олардың шарттарына сәйкес келетін жұмыс іздеушілерді таңдауға, сұхбаттасуға шақыруға және бос жұмыс орындарына қызығушылық білдіргендермен онлайн режімде байланыс орнатуға мүмкіндігі бар. Ал жұмыс іздеушілер түйіндемелерді жариялауға, бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктеуге, қажетті жұмыс орнына өз қызығушылығын білдіруге, сұхбаттасуға шақырту алуға, жұмыс берушілерден жұмысқа орналастыру туралы хабарламаларды алуға мүмкіндігі бар.

- Ғаламтор соншалықты кең таралмаған ауылдық округтардың, аудандардың тұрғындары үшін бұл ресрурс қаншалықты пайдалы болмақ?

- Ғаламторға қосылмаған азаматтар Жұмыспен қамту орталықтары арқылы өз деректерін орналастыра алады, ал бұл орталықтар қызмет жасамайтын аудандардың тұрғындары ауылдық округтардың әкімдері арқылы осы мүмкіндікке қол жеткізе алады. «Е-Халық» жүйесі ендірілген соң, ауыл әкімдерінің барлығы порталдың бірыңғай базасына қосылады, сондықтан әрбір азаматта осы порталға шығуға мүмкіндік болады.

https://www.nur.kz/1702938-v-kazakhstane-sozdana-elektronnaya-bir.html

1 шілде, 2018 - 21:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші