You are here

Жұмыссыздарды және өзін еңбекпен қамтып отырған азаматтарды оқыту және оларға жаңа кәсіпті үйрету үшін Қазақстандағы білім беру мекемелері арнайы іріктеуден өтеді

11 желтоқсан 2017

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Дүниежүзілік банктің техникалық және қаржылық қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында оқу қызметтерін көрсететін жеткізушілер іріктеуден өтеді. Қазіргі таңда оқу мекемелері іріктеліп жатыр. Мұндай мекемелерде 1 айдан 6 айға дейін жалғасатын оқыту шаралары жүргізіледі. Тізім бекітілген соң, 2018 жылдың қаңтарында оқу қызметтерін көрсететін мекемелерді Дүниежүзілік банктің дайындаған «SABER-Workforce Development» (SABER – жұмыс күші) бағалау әдістемесі бойынша іріктеу басталады.

Білім беру мекемелерін іріктеуге арналған бұл іс-шара «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында еңбек кадрларының оқу өзектілігін көтеру үшін жүргізіліп жатыр. Білім беру қызметтерін көрсететін Астана қаласы және Солтүстік Қазақстан облысындағы әлеуетті мекемелердің тізімі құрылып, онда 1500 оқу мекемесі қамтылған. Жобаға қатысуға қызығушылық білдірген, кәсіпкерлік және басқа да негізгі дағдыларды үйретуге әлеуеті бар мекемелердің бәрі осы тізімге кіргізілген. Олардың қатарында техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс жасайтын жеткізушілер, оқу-өндірістік базасы бар жекеменшік кәсіпорындар, біліктілікті көтеру және кадрларды даярлауға арналған 1-6 айлық курстарды ұсынатын оқу ұйымдары бар. Қазақстанның басқа облыстарындағы әлеуетті жеткізушілердің тізімі осындай жолмен құрылатын болады.

Жеткізушілер тізімі құрылғаннан кейін, олар Дүниежүзілік банктің дайындаған SABER  әдістемесі («Білім беру нәтижелерін жақсартуға арналған жүйелі тәсілдеме») бойынша бағалаудан өтеді. Деректерді жинау әдістемесіі аясында басшылар арасында сауалнама жүргізу, оқушылармен, түлектермен, оқытушылармен, жаттықтырушылармен, талқылау өткізу, жұмыс берушілер арасында құрылымдалған сұхбат жүргізу сынды тәсілдер қолданылады. Алынған нәтижелердің негізінде оқу қызметтерін ұсынатын жеткізушілер «мақұлданған», «алдын ала мақұлданған» және «мақұлданбаған» деген үш санатқа бөлінеді. Бағалаудан өткен жеткізушілердің тізімін қалыптастыру арқасында осы жеткізушілерді Жоба аясында қолдауға мүмкіндік беретін құралдар таңдап алынады.

Тізімге енген жеткізушілерді бағалау және іріктеу 2018 жылдың 1 қаңтарынан басталады.

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/organizatsii-obucheniya-perekvalifikatsii-bezrabotnyih-332991/

1 шілде, 2018 - 21:39 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші