You are here

Қазақстан Республикасының жұмыс кадрларын даярлау саласындағы заңнамасы жетілдіріледі

11 желтоқсан 2017

2016 жылдан бастап елімізде «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы жүзеге асырылып келеді. Жоба мақсаттарының бірі ­­­­­– техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі, жоғарғы оқу орындарындағы мамандарды даярлау және оқыту бағдарламаларының өзектілігін көтеру. Осы саладағы заңнаманы жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыс жөнінде Қазақстандағы EY компаниясының салық салу және заңгерлік қызметтер департаментінің директоры Азиз Абдукаримов тарқатып әңгімелеп берді.

 

Қазақстан Республикасындағы кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті көтеру үдерісі қандай нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі?

Бүгінгі күні ҚР-дағы қысқа мерзімді кәсіптік даярлау және қайта даярлау, біліктілікті көтеру мәселелері нормативтік-құқықтық актілердің айтарлықтай кең тізімімен реттелінген. Олардың арасында ҚР Еңбек кодексі, ҚР Салық кодексі, сондай-ақ, «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Білім беру туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР заңдары, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (ары қарай – «Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы»), тағы да басқа нормативтік-құқықтық актілер бар.

Осы саладағы заңнамаға қандай түзетулер енгізіліп үлгерілді?

Қазіргі таңда ҚР-дағы қысқа мерзімді кәсіптік даярлау және қайта даярлау, біліктілікті көтеру мәселелерін реттейтін басты заңнамалық актілерге Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы, сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру ережелері жатады. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы басқа да мемлекеттік бағдарламалармен сәйкестендірілген. Мәселен, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында осыған дейін оқудан өте бастаған азаматтарға Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында тегін оқуды жалғастыруға мүмкіндік берілген. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ары қарай – Еңбек министрлігі) Дүниежүзілік банктің техникалық және қаржылық қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында қазіргі таңда қысқа мерзімді кәсіптік оқыту саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге шолу жасалып, талдау жүргізілуде. Сондай-ақ, Сингапур, Германия, Ресей, Канада және Нидерланд сынды елдердің қысқа мерзімді кәсіптік даярлау бойынша халықаралық тәжірибесі де талданып жатыр. Халықаралық тәжірибеге негізделе отырып, ҚР-дағы қысқа мерзімді кәсіптік даярлау және қайта даярлау, біліктілікті көтеру жөніндегі институциялық-құқықтық базаны жетілдіру үшін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мүмкіндігі қарастырылып отыр.

ҚР заңнамасында қосымша білім берумен айналысатын мекемелер үшін қандай да бір салықтық артықшылықтар немесе жеңілдіктер қарастырылған ба?

Иә, нақты бір өлшемдерге сәйкес келетін жеке және заңды тұлғаларға арнап заңнамада ынталандырушы шаралар қарастырылған. Мәселен, әлеуметтік салада қызмет жасайтын салық төлеуші ұйымдар корпоративтік кіріс салығының сомасын анықтаған кезде бұл соманы жүз пайызға дейін төмендетеді. Басқа ұйымдармен қатар, мұндай мекемелерге қосымша білім беру саласында қызмет көрсететін ұйымдар жатады. Сондай-ақ, Салық кодексіне сәйкес қосымша білім беру саласындағы қызметтер мен жұмыстар үшін қосылған құн салығы төленбейді.

 

Жұмыс берушілерді өз қызметкерлерін кәсіптік оқытуға ынталандыру үшін заңнамаға қандай да бір шараларды енгізу көзделген бе?

 

Жұмыс кадрларына еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптерді игеруге мүмкіндік беретін қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұсыну Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасында қарастырлған.

Бұл орайда жұмыс берушілерді осы бағдарлама аясында қысқа мерзімді оқудан өткен тұлғаларды жұмысқа алуға немесе өз қызметкерлерін өз бетінше кәсіптік оқудан өткізуге ынталандыратын тиісті шаралар ҚР-ның қолданыстағы заңнамасында тікелей қарастырылмағанын атап өткен жөн.

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясындағы жұмыс барысында біз халықаралық тәжірибеге шолу жасап, соның ішінде, қызметкерлерге және басқа да тұлғаларға арнап кәсіптік оқуды ұйымдастыруға жұмыс берушілерді ынталандыру мәселелерін қарастырып өттік. Жүргізілген талдау нәтижесінде жұмыс берушілерді ынталандырумен байланысты ұсыныстар Еңбек министрлігі және Дүниежүзілік банк қарауына ұсынылды. Мәселен, жұмысшыларды оқытуға қаржы жұмсалған кезде осы шығынның салығын төмендетуге, сондай-ақ, Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында оқудан өткен тұлғаларға жұмыс беретін ұйымдарға әлеуметтік салықты төмендетілген мөлшерлеме бойынша есептеуге мүмкіндік беретін ережелерді Салық кодексіне енгізу ұсынылып отыр. Сондай-ақ, қызметкерлер құрамын оқыту үшін жұмыс берушіге субсидия беруді Бюджеттік кодекске енгізу мәселесі де қарастырылатын болады. Мәселен, жұмысшының біліктілігін көтеру үшін жұмсалған қаржы мөлшерінде субсидия беруге немесе ортақ қаржыландыруды ұсынуға болады.

https://www.zakon.kz/4893431-zakonodatelstvo-rk-v-sfere-podgotovki.html

1 шілде, 2018 - 21:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші