X
egov

You are here

12 маусым - Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні

Всемирный день борьбы с детским трудом

Жыл сайын 12 маусым күні Дүниежүзілік бала еңбегін пайдалануға қарсы күрес күнін атап өтеді. Атаулы күннің мақсаты – балалардың еңбегін қанауды жою жолында жаһандық күш-жігер жұмсалу қажеттігіне қоғамның назарын аударту.

Балалар еңбегін пайдаланудың алдын-алу мақсатында ҚР Еңбек кодексінде еңбек шартын жасауға болатын жас ерекшелігі белгіленген.

ҚР Қылмыстық кодексінде қауіпті жағдайлардағы еңбекке кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді тартуға тыйым салынған еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту көзделген.  

Осы орайда, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас мемлекеттік инспекторы А.А.Сарбасов Қазақстанда  кәмелет жасқа толмаған балаларды еңбекке тарту фактілері ауылшаруашылығы, сауда, қызмет көрсету нысандарында орын алып отырғанын мәлімдеді.

Балалар еңбегін болдырмау және алдын-алу бағытындағы жұмыстар ерекше назарда.

Атаулы күннің қарсаңында аудан, қала деңгейінде бала еңбегін пайдалануды алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы кәмелет жасқа толмаған балалардың еңбегін қорғауға бағытталған бақылау жұмыстарды ішкі істер органдары мен білім беру басқармаларымен бірлесе мемлекеттік еңбек испекторлары бақылауға алып отыр.

Бала еңбегін пайдалану фактісі анықталған жағдайда аймақтық мемлекеттік еңбек инспекторына жүгінулеріңіз қажет.

2017 жылдың көрсеткішіне сүйенсек, тексеру барысында Шығыс Қазақстан облысында (1 факті), Павлодар облысында (1 факті), Ақтөбе облысында (5 факті), Қостанай облысында (1 факті), Астана бойынша (1факті) бала еңбегін заңсыз пайдалану фактілері анықталған. Нәтижесінде, жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеру барысында кәмелет жасқа толмаған балалар әртүрлі жұмыстарда, даяшы, автокөлік жуушы ретінде еңбек еткені анықталды.

12 маусым, 2018 - 17:13 өзгертілді
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші