You are here

Жастардың жұмыспен қамтылуына қатысты

Жастардың жұмыспен қамтылуына қатысты

Халықты, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда.

Бағдарламаның негізгі мақсаты –өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және біліктілігі жоқ адамдарды, оның ішінде жастарды да мынадай үш бағыт бойынша нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту:

1) қажетті кәсіптер бойынша және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және дағдыларды баулу;

2) жаппай кәсіпкерлік үшін жағдай жасау;

3) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және еңбек ұтқырлығын қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту.

2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысушылар қатарына 55,9 мың жас азамат немесе жалпы қатысушылар санының (160,6 мың адам) 34,8%-ы қосылды.

Бірінші бағыт бойынша оқыту шаралары шеңберінде екі тетік қолданылады:

Бірінші тетік – мектеп бітіргеннен кейін оқу орындарына түспеген 24 жасқа дейінгі жастарды 2,5 жылға дейін колледждер базасында тегін кәсіптік-техникалық оқыту.

2017 жылы осындай оқумен 21,3 мың жас азамат қамтылды және бүгінгі күні оқуларын жалғастыруда.

Екінші тетік – колледждердің және «Атамекен» ҰКП тізіліміне енгізілген кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарының базасында 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімде дуальді оқытудың қысқа мерзімді курстары.

Оқуды еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар мен білімдерді алуды қажет ететін барлық жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өте алады.

Сондай-ақ, Бағдарлама шеңберінде шалғайдағы ауылдық елді мекендерде мобильдік оқу кешендері арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту іске асырылуда.

Бірінші бағыт шеңберінде жыл басынан бері қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 6,3 мың жас азамат қамтылған. Оның ішінде 447 адам оқудя аяқтады, оның 101-і жұмысқа орналасты.

Екінші бағыт бойынша микрокредит беру тетіктерін ауылдық және қалалық елді мекендерде де кеңейту көзделіп отыр.

Осы бағыттың негізгі міндеті жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін кепіл мүлкі жеткіліксіз азаматтарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтардың микрокредиттерге қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Микрокредиттер жылдық 6%-бен, 7 жылға дейінгі мерзімге 8 мың АЕК-ге дейін беріледі, бұл ретте кепілдің жеткіліксіз көлемінде жеке ісін бастағандар үшін 85%-ға дейін және қолданыстағы кәсіпкерлер үшін 50%-ға дейін кредиттерді кепілдендіру тетігі қолданылады.

«Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту ҰКП арқылы арнайы тренерлерді және табысты бизнесмендер мен практиктерді тарта отырып жүргізіледі.

2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 488 жас аталған жоба бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыды.

Бағдарламаға сәйкес қалаларда микрокредит беру екінші деңгейдегі банктер арқылы, микроқажылық ұйымдармен (бұдан әрі – МҚҰ) іске асырылады. Оператор «Даму» КДҚ» АҚ болып табылады.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, кредиттік серіктестіктер және МҚҰ арқылы іске асырылады, оператор «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ болып табылады.

2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша барлығы 11 жас азамат микрокредит алды, оның ішінде 9-ы жеке ісін ашты.

Бағдарламаның үшінші бағыты:

1) жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу: әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда жәрдемдесу, оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша консультациялар беру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасын ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру: еңбек ресурстарының ұтқырлығының міндеті шеңберінде Үкімет айқындайтын өңірлерге өз еркімен қоныс аударған адамдарға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету көзделген. Бұл өңірлік диспропорцияларға байланысты, олар алдағы уақытта күшейетін болады;

3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру. Жұмыс іздеу, азаматтардың белгіленген санаттарын жұмыспен қамтамасыз етуді және еңбек ресурстарының ұтқырлығын қолдау үшін Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық жүйесін немесе Еңбек биржасын құру ұсынылады.

Аталған жұмыс қолданыстағы enbek.kz тұғырнамасының базасында іске асырылады.

2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде деректер қорындағы бос жұмыс орындарына – 25,8 мың жас азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына – 3,9 мың жас азамат, жастар практикасына – 10,4 мың жас азамат және қоғамдық жұмыстарға – 10,6 мың адам, оның ішінде 30,3 мың жас азамат жұмысқа орналастырылды.

Бағдарлама шеңберінде қабылданған шаралар нәтижесінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 2018 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша 4,1%-ды құрады.

14 қаңтар, 2019 - 09:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші