X
egov

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова ХЕҰ миссиясының өкілдерімен кездесті

ЕХӘҚМ

Астанадағы кездесу үш жақты жоғары деңгейдегі миссия аясында өтті. Миссияға Германия Федералды Республикасының өкілі Ян Фарзан жетекшілік етті (Mr Jan FARZAN, Senior Legal Officer, European Employment and Social Policy of the Federal Ministry of Labour and Social Affairs).

Делегация мүшелерімен кездесуде Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова Қазақстан Үкіметі әлеуметтік әріптестік институтын дамытуға, еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін сақтауға барлық жағдай жасап отырғандығын атап өтті. Кездесу барысында ХЕҰ миссиясы өкілдерінің назарына осы бағыттағы жасалған Жол картасы ұсынылды.

«Өздеріңіз білетіндей, осы жылдың наурыз айында Халықаралық Еңбек Бюросына жұмыс сапармен бардық, онда Жоғары деңгейдегі Миссиялар шеңберінде Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялар мен рекомендациялардың орындалуын қадағалау жөніндегі сарапшылар комитетінің 1948 жылғы 9 шілдедегі (Жол картасын) ассоциация бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы № 87 конвенциясы негізінде бірлескен Жол картасын жасау мәселесін қарастырдық.» - деді Мәдина Әбілқасымова.  

Айта кету керек, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ХЕҰ және ЭЫДҰ-ның еңбек нормаларына сәйкес келетін жаңа Еңбек кодексі қолданысқа енгізілген. Ол еңбек қатынастары жүйесіндегі кәсіподақтардың қатысуын арттыру арқылы әлеуметтік әріптестікті дамытуға бағытталған, Қазақстанның әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы ХЕҰ қағидаттарына қатысты міндеттемелерін растау болып табылады.

Бүгінде Қазақстанда 3 миллионға жуық жұмысшының басын біріктіріп отырған республикалық үш бірдей кәсіподақ ұйымы бар. Бұл елдегі жалдамалы қызметкерлердің жартысына жуығы деген сөз.

Сонымен қатар елімізде 38 салалық, 22 аймақтық, 401 жергілікті және 20 мың бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді.

Кездесу соңында Министр М.Әбілқасымова Қазақстан Үкіметі бұл жұмысты алдағы уақыттары да жалғастырады және ұлттық заңнаманың № 87 Конвенция талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын атап өтті.

Еске сала кетейік, Қазақстан 1992 жылдан бастап Халықаралық Еңбек Ұйымының мүшесі және оның стандарттарына және ұлттық тәжірибеге сәйкес аталған ұйым алдында өз міндеттерін барынша орындап келеді.  

ХЕҰ-мен бірлесіп жұмыс істеген жылдары Қазақстанда заңнамалық негізде жүзеге асырылатын міндеттемелер бойынша 24 конвенция (8 негізгі, 4 директивті, 177 техникалық, оның 12-і) ратификацияланды.

Тегтер:
14 мамыр, 2018 - 17:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші