X
egov

You are here

Ақтөбедегі кәсіпорындарда 160 адам жаңа мамандықтарға оқып жатыр

Министр Ақтөбе қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде белгілі болды.

Ведомства басшысы Ақтөбе қаласындағы әлеуметтік нысанның бірі «Taksim» кафесінің базасындағы «Taksim Food Academy» оқу орталығына барды. Бұл нысан 2017 жылы ашылған. Бүгінге дейін бұл орталықтан 77 адам жаңа мамандық алып, олардың 61-і жұмысқа орналасты. Ал, қазір бұл жерде оқудан 27 адам өтіп жатыр. Солардың бірі көп балалы ана Ботагөз Жансүйгенова. Ботагөз 10 жыл педогогикалық мамандықта жұмыс істеген. Отбасымен ауылдық жерден Ақтөбе қаласына көшіп келген ол аспаз мамандығына оқуды жөн санапты. Ботагөздің айтуынша, мұндай орталықтар қысқа мерзімде оқып, мамандық алуға өте қолайлы.   

«Мен бұл орталықта оқып жатқаныма бір айдың көлемі болды. Мемлекеттік бағдарлама арқылы оқып, шәкіртақы алуға болатынын әлеуметтік желілер арқылы білдім. Содан кейін, Жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгініп, олар мені «Taxim food Akademy» оқу орталығына жіберді. Шілде айында аспаз мамандығын алып, жұмысқа кірісемін», -дейді ол.

            Ақтөбе облысындағы кәсіпорындар базасында ашылған 7 оқу орталығында қазір 160 адам қысқамерзімді оқудан өтуде. Министр М. Әбілқасмова оқу орталықтарының жұмысымен танысып, мұндағы тәжірибелерді аймақтағы аудандарда енгізуге кеңес берді.   

 Жұмыс сапарының кестесіне сәйкес, министр «Мейірім» жастар бейімдеу орталығында болды. Бұл орталық балалар үйінің түлектері мен ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға қызмет көрсетеді. Бүгінде осы орталыққа қатысты 4 жатақханада 16 мен 29 жас аралығындағы 80 адам тұрып жатыр, арасында отбасын құрғандары да бар. Айта кету керек, «Мейірім» әлеуметтік бейімдеу орталығы аймақтағы әлеуметтік кәсіпкерлік үлгісінің бірі болып табылады.

 Бұдан соң, министр Ақтөбе қалалық Жұмыспен қамту орталығына барып, атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасының орындалу барысымен танысты. Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Қайрат Утаровтың берген мәліметіне сай, жыл басынан бері өңірде шамамен 4 мыңдай жаңа жұмыс орны құрылып, 25 адамға жалпы құны 173 млн. теңге шағын несие берілді. 700-ден астам адам жастар практикасымен жұмысқа орналасты.

«Жалпы алғанда биыл аймақта жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша 8200-дей адам жұмысқа орналасты, олардың 4100-ден астамы тұрақты жұмысқа тартылды. Атаулы әлеуметтік көмек 2 347 отбасындағы 11 644 аз қамтылған азаматқа берілді. Берілген көмектің жалпы құны 17,2 млн теңге болды», - деді Қайрат Утаров.

Еске сала кетсек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Ақтөбеде өткен «Әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет, бизнес және ҮЕҰ-дың өзара серіктестігі» атты бірінші халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлік форумы аясында осы өңірге жұмыс сарапмен барған болатын.

14 мамыр, 2018 - 10:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші