check

You are here

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтауы

Ұлы Жеңіс күні мерекесіне құттықтау

Құрметті Ұлы отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Аласапыран соғыстың барлық қиын-қыстау кезеңінен аман өтіп, ерліктеріңізбен бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлағандарыңыз үшін сіздерге шексіз алғыс айтып, құрметімізді білдіреміз.

Сіздердің көрсеткен батылдық пен күш-жігерлеріңіздің арқасында Ұлы Жеңістің ақ таңы атып, бүгінгі бейбіт күнге жеттік. Бүгінгі бейбіт күнде Еліміз сан-салада дамыды, тәуелсіз Қазақстан құрылды. Өскелең ұрпақ үшін ардагерлеріміз «Ерлік дастанына» айналды.

Сіздерге зор денсаулық, өркендеу мен ұзақ ғұмыр тілейміз! Ортақ үйіміз Қазақстанда қашанда бейбіт өмір сақталып, аспанымыз ашық болсын!

Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын! 

8 мамыр, 2018 - 15:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші