check

You are here

2018 жылы 21 ақпанда Парламент Мәжілісінің отырысында министр М.Е. Әбілқасымованың «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші – қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының баяндамасы

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Құрметті депутаттар!

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы                    Мемлекет басшысының жұмыспен қамту орталықтарын реформалау, бірыңғай онлайн-платформа құру тапсырмаларын орындау үшін әзірленді.

Заң жобасында 3 Кодекске ( Бюджет, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», Еңбек) және 5 Заңға («Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Халықтың көші-қоны туралы», «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы») өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Заң жобасымен келесідей өзгерулер ұсынылады:

Бірінші: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу құралдарын жетілдіру көзделеді.

  1. Яғни, жұмыспен қамтуға жүгіну рәсімдері жеңілдетілді. Жұмыс іздеушілер енді жұмыспен қамту орталықтарына «электрондық үкімет» веб-порталымен ғана емес, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгіне алады.

Енді, жұмысқа орналасу рәсімін тездету үшін жұмыссыз азамат өзіне ұсынылған жұмысқа  келісетіні, келіспейтіні туралы мәліметті ұялы телефонмен  немесе электронды почтмен үш жұмыс күні ішінде хабарлай алады.

  1. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясындағы құрылатын бос жұмыс орындарына мониторинг жүргізу құзыреті орталық  және жергілікті атқарушы органдарға берілмек.

Сондай-ақ, Еңбекминнің құзіреті бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсыну және оған мониторинг жүргізу қағидасын бекітумен толықтырылады.

3) Студенттер мен жоғары сынып оқушылары үшін жазғы демалыс кезінде ғана емес,оқудан бос уақытта да қоғамдық жұмыстарға қатысу мүмкіндігін кеңейтіледі. Бұған Еңбек кодексінде шектеу жоқ.

4) Жұмыс берушілерді артық есептілік пен құжат тапсырудан босату көзделуде. Енді, кәсіптік және қайта даярлықтан, өндiрiсте оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәлiмет беру міндеті алынып тасталмақ.

Сәйкесінше, осы Заң нормасын орындамағаны үшін жұмыс берушілердің жауаптылығы Әкімшілік Қылмыстық Кодексінің 98 – бабының  5-тармақшасы алынып тасталды. (айыппұл көлемі 10 АЕК және қайта орындамағаны үшін 20 АЕК).

Екінші, Елбасы жұмыспен қамту орталықтарын реформалауды және барлық бос жұмыс орындары мен барлық елді мекендер бойынша бірыңғай онлайн-алаң құруды тапсырды («Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Президенттің Жолдауында).

Осы мақсатта еңбек нарығының бірыңғай ақпарттық базасын құрайтын «электронды еңбек биржасы» мемлекеттік интернет − ресурсын құру көзделуде.

Бұл жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді бір арнада тоғыстыратын алаң болып табылады.

Анықтама үшін:

Бүгінде электрондық еңбек биржасында (www.enbek.kz) 35 мыңға жуық вакансия және 48 мың резюме бар. Осы интернет-ресурс арқылы 18 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. 13,5 мың жұмыс беруші «жеке кабинет» ашып, тіркелді. Бүгінде  34 жұмыспен қамтудың жекеше агенттігімен 5 БАҚ және 4 интернет–алаңшасымен база толықты. (15.02.2018 жылғы жағдай боынша.).

Сондай-ақ, «халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтердің аутсорсингі» ұғымы енгізілуде. Яғни, Жұмыссыздарды кәсiптiк бағдарлау және жұмысқа орналастыру бойынша қызметтерге жекеше агенттіктерді тарту жоспарлануда.  

Анықтама үшін:

2017 жылы 22 мың адам жүгініп, оның ішінде 5 мың адам жұмысқа орналасқан, 53 ЖҚЖА өз қызметі бойынша ақпарат ұсынды.

Заң жобасында Еңбек министрлігінің құзіретіне  келесі  функцияларды жүзеге асыру беріледі:

- мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерге * арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін бекіту;

- халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын қызметтер тізбесін әзірлеп және оны бекіту,

- аутсорсингке қатысатын жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне біліктілік талаптары әзірленіп, бекітілетін болады. 

Аутсорсинглеу  Министрлік анықтаған тәртіпте жүргізіледі. 

Үшінші. Президент Жарлығына сәйкес көші-қон саласындағы функцияларды бөлу көзделеді.

Мәселен, көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру функциялары Ұлттық экономика министрлігінен Еңбек министрлігіне беріледі. Ал көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомстваралық үйлестіру және іске асыру функциялары Еңбекминінен Ішкі Істер Министрлігіне берілмек.

 «Халықтың көші-қоны туралы» және «Ішкі істер органдары туралы» Заңдарда көрсетілген мемлекеттік органдардың құзыретіне тиісті өзгерістер енгізіеді.

Құрметті депутаттар!

Ұсынылған заң жобасы жұмыспен қамту қызметінің тиімділігін арттыруға, жұмыспен қамту шараларын кеңейтуге, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Мәжілісте заң жобасын қарау кезінде депуттар бастамасымен бірқатар түзетулер енгізілді. Осыған орай, енгізілген түзетулер мен конструктивті жұмыс үшін депутаттарға алғысымды білдіремін.

Назарларыңызға рахмет!

Қолдауларыңызды сұраймыз.

21 ақпан, 2018 - 16:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші