check

You are here

2018 жылдың І тоқсанында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 43,7 млрд. теңге әлеуметтік төлем жасады

Әлеуметтік төлемдер

  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) 2018 жылдың І тоқсанында өзінің әлеуметтік төлем алушыларына 43,7 млрд. теңге төледі.   

Оның ішінде ең көп төлемдер ана мен баланы қолдауға бағытталды. 51 мыңға жуық әйелге жүктілігіне және босануына байланысты демалыс ақысы төленді, ал 1 жасқа дейінгі бала күтіміне қатысты 250 мың азамат төлем алды. Бұл мақсатқа жалпы 37,7 млрд. теңге жұмсалды.   

Сонымен қатар, алғашқы тоқсанда 71,5 мың адам еңбекке жарамсыз жағдайы бойынша, 40 мың адам – ата-анасынан немесе олардың біреуінен айырылған балаларға, 14 мың адам – жұмысынан айырылуына байланысты төлемдер алды. Оғған 6 млрд.теңге бөлінді.

Бұл төлемдер жұмыс берушілердің өз қаражаты есебінен төлейтін әлеуметтік аударымдар есебінен жүзеге асырылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік аударымдардың мөлшері 5 %-дан 3,5%-ға төмендеді.

 

28 сәуір, 2018 - 17:27 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші