X
egov

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Атырау қаласындағы әлеуметтік нысандарды аралады

Өңірлерге жұмыс сапар

Осы жылдың 13 – сәуірінде Еңбек министрі Атырау облысына жұмыс сапармен барды.

Сапар барысында министр облыстың бірнеше әлеуметтік нысандарының жұмысымен  танысты. Қалалық жұмыспен қамту орталығында болып, онда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды ресімдеу мәртебесін анықтау мәселелерін талқылады.

Жыл басынан бері облыстың арнайы штабы әлеуметтік мәртебені анықтауда шамамен 9,3 мың адамды қамтыды.  

Бүгінге дейін 50 мыңнан астам азаматтың мәртебесі анықталмай қалып отыр, бұл ретте министр осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді ұсынды.

Бұдан басқа, министр Мәдина Әбілқасымова жақын арада қалалық жұмыспен қамту орталығын электронды форматқа ауыстыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау қажеттігін тапсырды.

Сонымен бірге Министр жұмыс сапарының кестесіне сәйкес тиісті бағдарламалардың аясында жүзеге асырылған әлеуметтік нысандарды аралады. Соның бірі бүгінде 150 бала тәрбие алып жатқан облыстық психоневрологиялық интернат үйінде болды.

Ал, жұмыс сапары соңында ведомства басшысы Атырау қаласының №3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы көрсетіліп жатқан қызмет сапасымен танысты.

 

16 сәуір, 2018 - 09:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші