X
egov

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Меморандумға қол қойылды

 Орал қаласында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұловпен кездесті.

Кездесу қорытындысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен әлеуметтік саладағы тиісті жүйені әзірлеуші компания арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін және медициналық-әлеуметтік сараптамалық қызметті жетілдіру шеңберінде «Мүгедектікті белгілеу немесе еңбек қабілеттілігінен айырылу және әлеуметтік қорғау шараларын қабылдау қажеттігін анықтау» бағытын автоматтандырылған форматқа аудару туралы келісімге қол қойылды.

Меморандум Батыс Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау мекемелерінің базасында ведомстволық ақпараттық жүйелерді біріктіруді іске асыру үшін пилотты режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Светлана Жақыпова Орал қаласындағы №3 қалалық емханада және Жұмыспен қамту орталығында болды, онда пилоттық режимге дайындық барысымен және әлеуметтік саладағы ең өзекті мәселелер бойынша жағдайлармен танысты. 

6 сәуір, 2018 - 10:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші