You are here

Ішкі аудит қызметінің 2018 жылғы I тоқсандағы қорытындысы

        Iшкі аудит департаменті 2018 жылдың I тоқсанында мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес келесі аудиторлық іс-шаралар өткізілді:

        Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті»  мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі - ММ)

      Ағымдағы жылдың қаңтар айында сәйкестік аудиті жүргізілді, оның нәтижесінде  373,3 мың теңге сомасы қаржылық бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ келесі процедуралық бұзушылықтар анықталды: мемлекеттік тілдегі құжаттамалардың орналасу талаптарының сақталмауы, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету толығымен жүзеге асырылмады,  қатаң есептілік бланктар бойынша түгендеу жұмысы жүргізілмеді және т.б.

      Бюджетке қайтарылатын 90,2 мың теңге сомасы толығымен қайтарылды.

      Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін ММ аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.

      ММ берілген ақпаратқа сәйкес анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер жойылды. Бұзушылықтарды жібергені үшін қаржы және ұйымдық-техникалық  қамсыздандыру бөлімінің басшысына ескерту жарияланған.

 

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті»  мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі - ММ)

      Ағымдағы жылдың ақпан айында сәйкестік аудиті жүргізілді, оның нәтижесінде 420,9 мың теңге сомасы қаржылық бұзушылықтар анықталды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасын сақталмауы 7010,2  мың теңге сомасында, қорытындыларына ықпал етпеген және мемлекетке зиянын келтірмеген анықталды, сонымен қатар келесі процедуралық бұзушылықтар анықталды: дебиторлық берешек сомасы бюджеттік тапсырыс жоспарлау кезінде  есебіне кірген жоқ,  конкурстық процедуралар бойынша талаптардың сақталмауы анықталды, бензиннің есептен шығарылуы бойынша бухгалтерлік есебінің дұрыстығы қамтамасыз етілмеген және  т.б.

     Бюджетке қайтарылатын 145,8 мың теңге сомасы аудит кезінде толық  қайтарылды.

      Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін ММ аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.

    ММ берілген ақпаратқа сәйкес, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер жойылды. Бұзушылықтарды жібергені үшін қаржы және ұйымдық-техникалық  қамсыздандыру бөлімінің басшысына ескерту жарияланған.

 

 

 

 

 

 

 

     

6 сәуір, 2018 - 09:40 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші