X
egov

You are here

Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әйелдерін құттықтады

Құттықтау

Министр «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевпен бірге мекеменің қызметкерлерімен кездесіп, орталықта көрсетілетін қызметтердің сапасымен танысты. Қолдан жасалған бұйымдар көрмесіне барып, мерекелік концертті тамашалады. Сонымен бірге музейдің құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды. Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова сондағы нәзік жандыларды мерекемен құттықтай келе, алдыңғы буын  әйелдер қауымының еліміздің қалыптасуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Мемлекетіміздің бүгінгі жетістігіндегі сіздердің еңбектеріңіз ерекше. Көптеген жылдар бойы сіздер Отанымыздың игілігі үшін батылдық пен жанқиярлық әрекетке бардыңыздар. Аса құрметті  әйелдер қауымы, сіздердің қоғамға адал қызмет еткендеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздерге қарап адалдық, Отанға деген сүйіспеншілік, шексіз мейірімділікті бойға сіңіреміз», - деді министр.

«Шарапат» орталығы егде жастағы адамдар мен мүгедектерге қамқорлық көрсету жағынан толық қызметтерді көрсетеді. Бүгінде мұнда, 295 астаналық тұрғын бар. Оның ішінде үшеуі Ұлы Отан соғысының ардагері, 14 қария сол ардагерлерге теңестірілген, 33-і тылда болғандар.

Аталған орталық 1989 жылы құрылған, ал 2007 жылы Елбасының бастамасымен «Көктал-1» шағын ауданында жаңа ғимарат салынды. Мекеме заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтылған,  паллиативтік көмек көрсету бөлімі де жұмыс істейді, қарқынды терапия және терапия үшін барлық қажетті құралдар бар. Орталық аурухана жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Мерекелік жиында сөз алған Еңбек министрі осы жылдың 5 наурызында Елбасы жариялаған «Бес әлеуметтік реформаны» жүзеге асыру аясында қазақстандықтардың әлеуметтік өмірінде болатын оң өзгерістер туралы айтты.

«Президенттің бастамалары әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған. Бұл тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері, төмен жалақы алатын қызметкерлер үшін салық жүктемесін төмендету, жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, ауыл тұрғындарына берілетін шағын несиелер көлемін кеңейту және елді газдандыру. Мемлекет басшысының бастамалары - бұл барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірегей және теңдессіз шаралар жиынтығы. Осы міндеттерді жүзеге асыру еліміздің жаңа деңгейге жетуіне кең мүмкіндік береді», - деп өтті Мәдина Әбілқасымова.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевпен бірге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова таңнан бастап қалалық жедел жәрдем медициналық бөлімшесі дәрігерлерін де мерекемен құттықтады.

 

 

9 наурыз, 2018 - 19:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші