You are here

Әлеуметтiк аударымдарды кім төлейді және қай тәртіпте төленеді?

    «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн мынадай әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар:

1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;

2) асыраушысынан айрылған жағдай;

3) жұмысынан айрылған жағдай;

4) жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдай;

5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдай; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдай.

    Жұмыс берушi немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам әлеуметтiк аударымдарды төлеушi болып табылады. Әлеуметтiк аударымдар ай сайын жүргiзiледi.

   2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдардың мөлшері -әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 пайызын құрайтынын атап өту қажет.

  Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi - жұмыс берушiнiң қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс түрiнде төлейтiн шығыстары. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтiк аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады.

   Бұл ретте айлық табыс әлеуметтiк аударымдарды eceптеу үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.

      Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерiнен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар ең төменгі жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.

15 ақпан, 2018 - 10:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші