X
egov

You are here

2018 жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына 87 млрд. теңге қарастырылып отыр

нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова баяндады. Ведомства басшысы аталған бағдарламаны жүзеге асыру жалғасатын болады. Бұл үшін аймақтарда жұмыспен қамтуға кемектесу үшін кешенді жоспарлар қабылданды.

«Биыл жұмыспен қамту шараларымен 570 мыңнан астам адам қамтылады, оның ішінде 37 мың адам оқуға жіберіледі. Тиімді жұмыс атқару үшін жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қайта форматтаймыз.»- деді ведомства басшысы.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында тұрған міндеттің тағы бірі әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру екендігін Мәдина Әбілқасымова айтып өтті.  

Осы жылы жұмыс берушілермен бірігіп еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесін қосу жоспарлануда. Осыған сәйкес пилотты жоба ретінде «e-HR» жүйесі іске асады. (электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесін құру, электрондық еңбек кітапшаларын ендіру).

Сонымен бірге, Әлеуметтік қызметтің электронды порталын медициналық-әлеуметтік қызметті модернизациялаумен қатар дамыту көзделіп отыр.

Мәдина Әбілқасымова Министрлік қызметінің басты бағыттарының бірі – әлеуметтік қамсыздандыру екендігін де атап өтті.  

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы қайта қаралды. Бұл 3 млн. адамның әлеуметтік төлемін ортша есеппен 16%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Ал, жаңа жылдан бастап енгізілген атаулы әлеуметтік көмекті 350 мың адам алады деп жоспарлануда.

 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы басқаша есептеледі. Еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне тікелей байланысты болады. Бұл 2,1 млн. зейнеткерді қамтымақ.  

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сай бала кезден кәмелетке толған І топтағы мүгедектерді асырап отырған ата-аналарға ай сайын төленетін жәрдемақы енгізілетін болады.

13 ақпан, 2018 - 16:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші