X
egov

You are here

Үкімет отырысында Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова ведомстваның осы жылы атқаратын қызметінің басымдықтары туралы айтып берді

үкімет отырысы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова алдымен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты ресімдеу мәселесіне тоқталды.  

«Осы жұмыс аясында биыл біз еліміздің әрбір тұрғынына жеке-дара шығып, олардың әлеуметтік мәртебесін айқындаймыз. Барлық азаматтар, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, табысы бар адамдар ресми түрде қалыптастырылып, қажетті аударымдарды жасауға тиіс және әлеуметтік кепілдіктер пакетін алатын болады».- деп атап өтті министр.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, бүгінгі күні, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәртебесін анықтауды және олардың оңай тіркелуін реттейтін заң жобасы әзірленіп жатыр.

Бұдан басқа, биыл цифрлық экономика үшін жаңа тәсіл - Ұлттық біліктілік жүйесі енгізілетін болады.Жаңа экономика бойынша кадрлар даярлайтын мамандықтардың тізбесі жаңартылып, оқытудың сапасы жақсарады.

Осы жылы Еңбек министрлігі жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандардың пайыздық көрсеткішін қазіргі 10% -дан 20% -ға дейін еселеуді жоспарлап отыр. Яғни, 2,2 млн. адам жұмысқа тұруға мұқтаж.

Еске сала кетейік, биыл қаңтар айынан бастап елімізде Электронды еңбек биржасы іске қосылған болатын. Оған бүгінде 200 мемлекеттік және жекеменшік жұмыспен қамту қызметтері қосылды.

 

13 ақпан, 2018 - 15:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші