X
egov

You are here

Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды.

министр тағайындау

Мәдина Ерасылқызы 1978 жылы 1 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.  Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген, сонымен бірге Колумбия университетінде халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен "экономикалық саясатты басқару" мамандығы бойынша білім алған. Гарвард университетініӊ Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін "мемлекеттік басқару магистрі" мамандығы бойынша бітірген.

Еӊбек жолын Қазақстан Республикасыныӊ стратегиялық жоспарлау агенттігініӊ бас маманы болып бастаған. Одан кейін әр жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігініӊ стратегиялық жоспарлау басқармасыныӊ бастығы, "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментініӊ директоры, одан кейін Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Кеӊсесініӊ Әлеуметтік-экономикалық бөлім меӊгерушісініӊ орынбасары қызметін атқарды.

Мәдина Әбілқасымқызы сонымен қатар,  Қазақстан Республикасыныӊ Президент Әкімшілігініӊ Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меӊгерушісініӊ орынбасары, Қазақстан Республикасыныӊ Экономикалық даму және сауда вице-министрі,  Дүниежүзілік банктіӊ Қазақстандағы басқарушысыныӊ орынбасары іспетті жауапты қызметте болды. Қазақстан Республикасыныӊ Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі лауазымы қызметін де атқарды.  

 

12 ақпан, 2018 - 10:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші