You are here

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардағы техникалық персоналға сауықтыруға арналған жәрдемақы төленеді ме?

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес (бұдан әрі-Кодекс) мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

Кодекстің 1-бабына сәйкес азаматтық қызметші – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) 3-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілердің құрамына білікті жұмысшылар кіреді, олардың еңбегі жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсіби даярлықты және арнайы білімді талап етеді.

Білікті емес жұмысшылар (мысалы, еден жуушы) азаматтық қызметшілер болып табылмайды, осыған байланысты аталған жұмысшы санаттарына жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шығар кездегі сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбейді.

Сонымен бірге, Қаулының 6-тармағына сәйкес ұйымдардың басшыларына кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе кредиторлық берешегі болмаған кезде мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалған тәртіппен ұйымдардың қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берілген.

6 ақпан, 2018 - 11:56 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші