You are here

Экологиялық, радиациялық үстемеақылар мен ақылы қосымша еңбек демалысын алуға кімнің құқығы бар(Арал, Семей)?

      «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңының(бұдан әрі – Заң) 13-бабы 1-тармағына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін аймақтар бойынша коэффициенттер қолдана отырып, еңбекақы және жыл сайын ақы төленетін қосымша демалыс (зиянды еңбек жағдайлары үшін берілетін демалыстың үстіне) белгіленеді.

      Еңбек қызметін атқару кезінде қызметкердің аталған аймақта нақты тұрып жатқаны ескеріледі.

       Тиісінше, Заңның 13-тармағы сәйкес аймақтар бойынша қосымша ақыны және қосымша еңбек демалысын алу үшін аталған аймақта тұрып жатқандығы және еңбек қызметін жүзеге асырып жатқандығы жеткілікті болады.

      «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-тармағына сәйкес Заңмен айқындалған радиациялық қауіпті аймақтарда тұратын халық қосымша еңбекақы мен жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын алуға құқығы бар. Осыған орай, қосымша еңбекақының мөлшері мен қосымша ақылы еңбек демалысының күндері радиациялық қауіпті аймаққа байланысты болады, яғни зардап шеккен азамат тұрып жатқан және еңбек қызметін жүзеге асырып жатқан.

    Тиісінше, радиациялық қауіпті аймақта тұратын, бірақ аталған аймақтардан тыс жерде жұмыс жасайтын қызметкерлерге Заңның13-тармағында көрсетілген норма қолданылмайды.

    Семей полигон аймағынан көшіп кеткен азаматтарға Заңның13-бабында белгіленген әлеметтік қолдау таратылмайды.

    1949 жылдан бастап 1990 жылдар аралығындағы кезеңде Семей ядролық сынақ полигонындағы аймақтарда тұрған және тұрып жатқан азаматтарға ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін Заңмен біржолғы ақшалай өтемақы қарастырылған, оның мөлшері аймаққа, тұрған кезеңіне және бір айлық есептік көрсеткішке байланысты жеке айқындалады.

    Аталған адамдарға куәлiк берiледi, ол осы Заңда көзделген жеңiлдiктер мен өтемдерге құқықты растайтын құжаттар болып табылады.

    Бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақыны тағайындаудың және төлеудiң тәртiбi «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 Қаулысымен реттеледі.

6 ақпан, 2018 - 11:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші