check

You are here

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017–2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 ж. 6 наурыздағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің   2017 жылғы 6 наурыздағы № 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 21 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Ағымдағы ахуалды талдау және қатерлерді басқару» деген 2-бөлімде:

«Стратегиялық бағыт 1. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» деген 1-тармақта:

«Реттелетін қызмет саласының негізгі даму өлшемдері» деген 1) тармақшада:

«Ана мен баланы әлеуметтік қолдауды дамыту» деген кіші бөлімде:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Халық саны өсімінің оң динамикасын атап өткен жөн: 2015 жылдың басында – 17,4 млн. адамды, 2016 жылдың басында – 17,6 млн. адамды құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ол 17,9 млн. адамды құрады.»;

«Бала туу динамикасы (1000 адамға шаққанда жалпы бала туу коэффициенті)» деген диаграмма мынадай редакцияда жазылсын:

«

 »;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Халық санының өсуі, негізінен, бала туу санының өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Соңғы үш жылда туған балалардың орташа жылдық саны 400 мыңнан асты (2014 жылы – 399,9 мың, 2015 жылы – 397,6 мың, 2016 жылы – 409,9 мың); бала туу коэффициенті 2014 − 2016 жылдары 1 мың халыққа шаққанда орта есеппен 22,8-ді құрады.»;

«Әлеуметтік сақтандыру бойынша» деген кіші бөлімде:

екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Формальді сектор қызметкерлері 6 әлеуметтік қатер – еңбек ету қабiлетiнен айырылу; асыраушысынан айырылу; жұмысынан айырылу; жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу қатерлері басталған кезде көрсетілетін әлеуметтік қорғаудың қосымша түріне ие.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қызметкерлердің қатысуы кеңейе түсуде, 2016 жылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны 5,8 млн. адамды (2014 – 2015 жылдары – 5,9 млн.) құрады.»;

«Халықтың әлжуаз санаттарын әлеуметтік қолдау» деген кіші бөлімде:

бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға сәйкес келетін атаулы әлеуметтік көмек және қолдау жүйесі жұмыс істейді. Жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген табыс шегінен төмен отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесі мынадай түрлерді қамтиды:

- жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен (ең төмен күнкөріс деңгейінен (ЕТКД) 40 %) отбасыларға жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде төленетін атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК). 2016 жылдың қорытындысы бойынша аталған көмек түрі 28,8 мың азаматқа тағайындалды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 24,7 %-ға (38,2 мың азамат), 2014 жылмен салыстырғанда 48,7 %-ға (56,1 мың азамат) төмен, бұл ретте тағайындау сомасы 842,3 млн. теңгені құрады. АӘК-тің орташа мөлшері – 2 438,5 теңге;

- табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен (КД-дан 60 %) отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға, әр балаға 1,05 АЕК мөлшерінде төленетін мемлекеттік жәрдемақы 2016 жылы аталған көмек түрімен қамтылғандардың саны 576,2 мың баланы (2015 жылы – 551,2 мың бала, 2014 жылы – 562,6 мың бала), тағайындау сомасы – 11,3 млрд. теңгені құрады;

- коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, тұрғын үйді күту шығыстары осы мақсаттарға арналған шығыстардың шекті рұқсат етілген үлесінен асып кететін отбасыларға тұрғын үй көмегі тағайындалды. 2016 жылы тұрғын үй көмегін алушылар 85,5 мың отбасы (2015 жылы – 93,9 мың отбасы, 2014 жылы – 110,0 мың отбасы) болды. Тағайындау сомасы 2,4 млрд. теңгені, орташа мөлшері – 2 364,5 теңгені құрады.»

тоғызыншы және оныншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Нәтижесінде жобаға қатысушылардың табыстары 2 еседен артық ұлғайтылды, АӘК алушылар құрылымындағы еңбек етуге қабілетті халықтың үлесі 27,2 %-ға дейін (2015 жылы – 29,2 %, 2014 жылы – 31,0 %) қысқарды, АӘК алушылардың саны 24,7 %-ға төмендеді.

Қабылданып жатқан шаралар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етті. Елдегі кедейлік деңгейі төмендеуде – табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2014 жылғы 2,8 %-ға қарағанда, 2015 жылы 2,7 %-ды, 2016 жылы 2,6 %-ды құрады.»

«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» деген кіші бөлімде:

екінші бөліктің 7-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары арқылы мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жүзеге асырылады, оның шеңберінде 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 13,5 мың мүгедек    (2015 жылы – 13,9 мың мүгедек), оның ішінде 8,7 мың адам аумақтарды дамыту бағдарламалары бойынша жұмысқа орналастырылды (2015 жылы – 8,8 мың мүгедек). 129 мыңнан артық мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылған.»;

бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыс істейтін және оқитын мүгедек адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Инватакси» қызметін жетілдіруге қолдау көрсетіледі. 2017 жылы 387,1 млн. теңге, оның ішінде РБ-дан 77,4 млн. теңге, ЖБ-дан 309,7 млн. теңге (2016 жылы – 142,9 млн. теңге, 2015 жылы – 75,0 млн. теңге, 2014 жылы – 87,4 млн. теңге) бөлінген.»;

жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Мүгедектер істері жөніндегі кеңесшілер институты дамуда, ол орталық деңгейде, сол сияқты жергілікті деңгейде де жұмыс істеуде.»;

«Негізгі проблемаларды талдау» деген 2.2) тармақшада:

«Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу деңгейінің жеткіліксіздігі» деген 1-кіші бөлімде:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыспен қамтылған халықтың құрылымында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі жоғары, 2016 жылғы қорытынды бойынша – 25,8 % немесе 2,2 млн-нан астам адам (2014 жылы – 28,2 % немесе 2,4 млн-нан астам адам, 2015 жылы – 27,0 % немесе 2,3 млн-нан астам адам). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың негізгі бөлігі ауылдық жерде тұрып, жеке шаруашылықпен айналысады, табысы да көп емес. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған. Мәселен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар құрылымында 2016 жылы 22,0 %-ы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарға жатқызылған (2015 жылы – 22,0 %, 2014 жылы – 30,1 %).»;

«2-стратегиялық бағыт. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу, көші-қон процестерін басқару» деген 2-тармақта:

«Реттелетін қызмет саласын дамытудың негiзгi өлшемдері» деген 2.1) тармақшада:

«Еңбек нарығы және жұмыспен қамту» деген кіші бөлімде:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезінде динамикалық тұрғыдан дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі ұдайы арттырылуда. Халық санындағы жұмыс күшінің үлесі 2016 жылғы қорытынды бойынша 70 %-ды құрады. 2014 жылы халықтың экономикалық белсенді деңгейі 70,7 %-ды құраған. Жұмыспен қамтылған халықтың саны – 8 553,4 мың адамды құрады (2015 жылы – 8 623,7 мың адам, 2014 жылы – 8 510,1 мың адам).»;

«Еңбек нарығының динамикасы» деген диаграмма мынадай редакцияда жазылсын: 

«

»;

төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«2016 жылғы қорытынды бойынша жұмыспен қамтылған халық санының құрылымында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2 210,5 мың адамды құрады (2015 жылы – 2 328,9 мың адам, 2014 жылы – 2 400,4 мың адам).

Жұмыссыздық деңгейі 5,0 % деңгейінде сақталған (2014 – 2015 жылдары – 5,0 %).

2014 жылдан бері жұмыссыз халық саны 6,4 мың адамға азайып, 2016 жылы 445,5 мың адамды құрады (2015 жылы – 451,1 мың адам, 2014 жылы – 451,9 мың адам).

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (бұдан әрі – ЖЖК 2020) бағдарламасының нысаналы тобы болып табылатын жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылмен салыстырғанда 0,2 %-ға төмендеп, 2016 жылғы қорытынды бойынша – 4,1 %-ды құрады (2014 жылы – 4,2 %).»;

мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

«Соңғы үш жылда әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 2014 жылғы 5,8 %-дан 2016 жылы 5,5 %-ға дейін төмендеуі байқалуда (2015 жылы – 5,7 %).»;

он жетінші, он сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағдарлама тиімділігінің негізгі көрсеткіші – тұрақты жұмысқа орналастырылған адамдардың үлес салмағы 2016 жылы 86 %-ды құрады (2015 жылы – 91,3 %, 2014 жылы – 83,9 %). Соңғы үш жылда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан нәтижелі жұмыспен қамтылған адамдар үлесінің өсуі байқалуда, егер 2014 жылы ол 70,5 %-ды құраса, 2015 жылы – 70,8 %, 2016 жылы – 86,4 % болды.

Сонымен қатар, экономиканың өсуі аясында, еңбек нарығындағы елеусіз сыйымдылықпен байланысты құрылымдық проблемалардан басқа, сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту үлесінің жоғары болуына, кәсіптік оқытудағы кемшіліктерге, кәсіпкерлікпен айналысу қолжетімділігіне және еңбек нарығындағы аумақтық дисбалансқа, оның ішінде әйелдерге қатысты проблемалар шешімін таппай отыр.»;

«Халықтың көші-қоны» деген кіші бөлімде:

екінші бөліктің 2 және 3-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) оңтайлы тарту. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ШЖК тартуға квота белгілеуде. 2014 – 2015 және 2016 жылдарға квота республиканың экономикалық тұрғыдан белсенді халқына 0,7 % мөлшерінде белгіленді, ол 63 мың адамды құрайды. 2016 жылғы қорытынды бойынша 30,1 мың рұқсат қолданыста болды немесе жалдамалы қызметкерлер санының 0,5 %-ын (2014, 2015 жылдардың аяғына 30,7 және 32,4 мың рұқсат, тиісінше) құрайды.

Бұл ретте тартылатын ШЖК арасында 1-3-санаттағы мамандардың үлесі кемінде 70 % деңгейінде сақталуда (2014 – 2015 жылдары – 70,0 %, 2016 жылы – 70,5 %).

Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлт жоспары – 100 нақты қадамын орындау үшін, инвестициялық климатты жақсарту мақсатында шетелден жоғары білікті мамандарды тарту үшін 2017 жылдан бастап АҚШ, Канада, Аустралия үлгісі бойынша Қазақстанның көші-қон заңнамасы ырықтандырылды.

Қабылданған шаралар шеңберінде шетелдік мамандарды тарту тетігі толықтай қайта қаралды.

2017 жылдан бастап квота экономикалық белсенді халыққа пайыз ретінде емес, экономиканың нақты салаларының бөлінісінде белгіленген, бұл жоспарлау сапасын және квотаны атаулы қолдануды арттырады.

Жеке тұлғалардың шаруашылығында жұмыс істейтін еңбекші иммигранттар квотаға енді (бұрын олар квоталанбайтын), бұл бір жағынан олардың санын бақылауға, екінші жағынан олардың жұмысын формальдауға және еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Квотаны қалыптастыруда әкімдіктердің рөлі мен жауапкершілігі күшейтілді.

Бизнеске жүктелетін талаптардың біразы жойылып, бизнес-бірлестіктердің, инвесторлардың ұсыныстарын ескере отырып жұмыс рұқсаттарына салықтық алымдар енгізілді. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік басшыларды, менеджерлерді және мамандарды тарту шарттары жеңілдетілді.

3) жыл сайын келетін этникалық қазақтардың өсу динамикасы тұрақты. Тәуелсіздік жылдары 284 361 отбасы немесе 1 006 473 этникалық қазақ тарихи отанына оралды (2014 жылы – 3 792 отбасы немесе 8 247 мың адам, 2015 жылы – 1 920 отбасы немесе 4 890 адам, 2016 жылы – 16 417 отбасы немесе 33 754 адам).

2016 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер шеңберінде этникалық қазақтардың оралуына, бейімделуіне және интеграциялануына кедергі келтіретін бірқатар проблемалық мәселелер шешілді. Заң шеңберінде қабылданған өзгерістер бір жағынан этникалық қазақтардың келуін жеңілдетсе, екінші жағынан олардың елде болуын тәртіпке келтірді.

Оралмандарды қоныстандыруға қатысты оларды еліміздің еңбек дисбалансы және ішкі еңбек нарығын нығайтуды қажет ететін өңірлеріне жіберу бойынша шаралар қабылданды.

2016 жылдан бастап Үкімет оралмандарды қабылдайтын өңірлерді және квоталарды айқындайды, осы өңірлерде қоныстанған жағдайда оралмандарға көшуге (әрбір отбасы мүшесіне 35 АЕК) және тұрғын үй жалдауға шығысты өтейді.

2016 жылдан бастап оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 645 отбасы, оның ішінде 2017 жылғы 9 айда 229 отбасы қамтылған.»;

«Еңбек қатынастары» деген кіші бөлімде:

он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Анықталған бұзушылықтар нәтижелері бойынша заңды тұлғалар мен ұйымдардың лауазымды адамдарына қатысты мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 603,5 млн. теңгеге 4,2 мыңнан астам айыппұл салды (2016 жылғы 1 қаңтарға – 429,6 млн. теңге, 2015 жылғы 1 қаңтарға – 287,4 млн. теңге).»;

жиырмасыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада мүдделі мемлекеттік органдардың және әлеуметтік әріптестердің қатысуымен үшжақты комиссиясының 86 отырысы өтті, ол отырыстарда 646 кәсіпорын басшысы тыңдалды (2015 жылы – 129 отырыс, 2014 жылы – 148 отырыс).»;

жиырма үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2017 жылғы 1 қаңтарға республика бойынша 2,8 млн. жұмыскердің құқығын қорғайтын 112,9 мың меморандум жасалды, ол еліміздің 81,6 % ірі кәсіпорыны мен 66,7 % орта және шағын өндірістік кәсіпорынын қамтыды, оларда еліміз бойынша 2,8 млн. жұмыс орнын сақтап қалу көзделген (2015 жылы – 2,3 млн. жұмыскердің құқығын қорғайтын 75,3 мың меморандум жасалды, 78,7 % ірі кәсіпорынды және 46,6 % орта және шағын кәсіпорынды қамтыды).»;

жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру бойынша жаңа тәсілдер шешімдері жұмыс берушілер үшін міндетті болып табылатын еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруды көздейді, 2016 жылы республика кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі 11 215 өндірістік кеңес құрылды.

Кәсіподақ ұсынатын және өндірістік кеңес бекітетін жұмыскерлер қатарынан техникалық инспекторлар институты енгізіледі.»;

отыз жетінші және отыз сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік әріптестік жүйесі дамуда. 2015 – 2017 жылдарға арналған Бас келісім, барлық деңгейлердегі үшжақты комиссиялар жұмыс істейді (21 салалық және 16 өңірлік келісім, сондай-ақ қалалар мен аудандар деңгейінде 200-ден астам келісім).

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұжымдық шарттар жүйесімен 71,2 мың кәсіпорын немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қатарынан 33,5 %-ы қамтылды (2016 жылғы 1 қаңтарға 66,8 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарынан 36,6 %-ы, 2015 жылғы 1 қаңтарға 62,3 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарынан 34,5 %-ы). Ірі және орта кәсіпорындардың қамтылу көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа өсіп, 93,3 %-ға жетті (2014 жылы – 92,8 %, 2015 жылы – 93,1 %).»;

«Негізгі проблемаларды талдау» деген 3.2.) тармақшада:

«Өңірлік диспропорциялар және демографиялық дисбаланс» деген 3-кіші бөлімде:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Солтүстік өңір тұрғындарының саны соңғы үш жылда еш өзгерген жоқ (Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары) (2015 жылдың басында – 4 млн. 341 мың адамды, 2016 жылы – 4 млн. 352 адамды, 2017 жылы – 4 млн. 324 мың адамды құрады). Ал оңтүстік өңірлерде (Алматы, Жамбыл, Кызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары) халықтың саны 188 мың адамға өскен (2015 жылдың басында – 6 млн. 562 мың адам, 2016 жылы – 6 млн. 665 мың адам, 2017 жылы – 6 млн. 750 мың адам).»;

«Қатерлерді басқару» деген 3.3) тармақшада:

«Қатер басталған жағдайда іске асырылатын қатерлерді басқару жөніндегі іс-шаралар» деген бағанда:

«Ұйымның жұмыскерлерін сақтау бойынша шаралар қабылдау, өзара келісім негізінде толық емес жұмыс күнін және еңбек ақысы сақталмайтын еңбек демалысын беруді енгізу» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің ұйымдары бірлесіп ұйымның жұмыскерлерін сақтау бойынша шаралар қабылдау, өзара келісім негізінде толық емес жұмыс күнін және еңбекақысы сақталмайтын еңбек демалысын беруді енгізу.»;

«Саланың/құрылымның басым бағыттары» деген 3-бөлімде:

«Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» деген 1-стратегиялық бағытта:

«Мемлекет қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерді орындау» деген 1-басым бағытта:

«Зейнетақымен қамсыздандыру» деген 1-тармақта:

бесінші бөліктің екінші, үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«- ынтымақты зейнетақы мөлшерін инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілетіп жыл сайынғы индекстеу.

Мәселен, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 9 пайызға, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 11 пайызға арттырылды, жалпы 2016 жылмен салыстырғанда арттыру 2017 жыл бойынша 20 пайызды құрайды.

- 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы мөлшерін ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгілеу есебінен оны тағайындау тәртібін өзгерту көзделген.»;

бесінші бөліктің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, Өмірді сақтандыру компанияларынан төлем жасауды қайта қарауды қамтитын жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өлшемдерін жетілдіру көзделген.»;

«Ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесін іске асыру және жетілдіру» деген 2-басым бағытта:

«Іске асыру жөніндегі шаралар» деген кіші бөлімде:

мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«- бала тууға байланысты мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде көрсетуге көшу.»;

«Әлеуметтік масылдықтың алдын алуға бағытталған азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру» деген 3-басым бағытта:

төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Өмірлік қиын жағдайда жүрген болған адамдар үшін қолайлы жағдай жасау, оларды қоғам өміріне интеграциялау Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғырту тұжырымдамасының негізгі бағыты болып табылады.

2017 жылдың басынан бері Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары және адам саудасының құрбандары үшін АӘҚ көрсету стандарттарын енгізу арқылы АӘҚ алушылардың санаты кеңейтілді.»;

мынадай мазмұндағы он екінші және он үшінші бөліктермен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес мүгедектерге өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін арнайы жұмыс орындарын және арнайы оқыту бағдарламаларын құруда жұмыс берушілерге жәрдемдесу негізінде мүгедектер жұмыспен қамтамасыз етіледі.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығыстарын субсидиялауды көздейді, бұл ретте субсидия алудың негізгі шарты мүгедектің жұмыспен қамтылуын оны құрған кезден бастап кемінде күнтізбелік 12 ай мерзімге сақтау болып табылады.»;

«Іске асыру жөніндегі шаралар» деген кіші бөлімде:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«АӘҚ ұсыну бөлігінде осы жүйені реформалау жалғасатын болады, ол мыналарды қамтиды:

- әлеуметтік қызмет көрсету жүйесімен азаматтардың қамтылуын кеңейту және оларға ұсынатын қызметтердің атаулылығын күшейту;

- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын жаңарту;

- әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;

- жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік қызмет ребрендингі;

- әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі өзгерістерін кадрлық қамтамасыз ету;

- Әлеуметтік қызмет көрсетудің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру;

- нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Ерекше еңбек жағдайларына мұқтаж азаматтар санатын жұмысқа орналастыру бөлігінде мүгедектерге арналған жұмыс орнының стандартын әзірлеу; мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қабылданатын болады.»;

«Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу» деген 2-стратегиялық бағытта:

«Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» деген 4-басым бағытта:

сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекет басшысының Үкіметтің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді және іске асырылуда, оның негізгі мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.»;

«Іске асыру жөніндегі шаралар» деген кіші бөлімде:

тоғызыншы және оныншы бөліктер алып тасталсын;

«Еңбек қатынастарын реттеу» деген 5-бағыттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-басым бағыт «Еңбек қатынастарын реттеу»;

«Еңбек қатынастарын реттеу» деген 5-басым бағытта:

мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі бойынша қойылған міндетке сәйкес Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) рейтингінде елдің позициясын жақсартуды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу айтарлықтай маңыздылыққа ие.»;

«Іске асыру жөніндегі шаралар» деген кіші бөлімде:

мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

«ДЭФ ЖБИ позицияларын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғастырылатын болады.»;

«Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы» деген 4-бөлімде:

«Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«

Бюджеттік бағдарламалар – 1

027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу»

Бюджеттік бағдарламалар – 2

048 «Әлеуметтік жаңғыртудың басымдықтарына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру»

058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту»

Бюджеттік бағдарламалар – 3

056 «Әлеуметтік-еңбек саласын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер, жұмыспен қамту саясатын жаңғырту»

068 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсікерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру»

062 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»

Бюджеттік бағдарламалар – 3

034 «Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»

131 «Ғылым және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»

153 «Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бағдарламалық жобаларды іске асыру»

001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»

101 «Өкілдік шығыстар есебінен іс-шаралар өткізу»

138 «Министрлік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру»

 

                                                                                                                                 »;

«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар» деген 5-бөлімде:

«Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» деген 1-стратегиялық бағытта:

«Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну» деген 1.1-мақсатта:

«Ағымдағы жылдың дерегі» деген бағанда:

реттік саны 4-жолда «4,0 (жоспар)» деген сандар мен сөздер «2,6» деген сандармен ауыстырылсын;

«Жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын реттеу саясатын қалыптастыру, көші-қон процестерін басқару» деген 2-стратегиялық бағытта:

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету» деген 2.1-мақсатта:

«Ағымдағы жылдың дерегі» деген бағанда:

реттік саны 1-жолда «5,0 (жоспар)» деген сандар мен сөздер «5,0» деген сандармен ауыстырылсын;

«Ресурстар» деген 6-бөлімде: 

«2017 жыл» деген бағандағы «Қаржылық, барлығы:» деген жолда:

«2 139 929 127» деген сандар «2 129 670 888,9» деген сандармен ауыстырылсын;

«Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну» деген 1.1-мақсатта:

«2017 жыл» деген бағанда:

«027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу» деген жолда «2 114 632 174» деген сандар «2 104 049 305» деген сандармен ауыстырылсын;

 «Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну» 1.1-мақсаты бойынша нәтиже деген жолда «2 114 632 174» деген сандар «2 104 049 305» деген сандармен ауыстырылсын;

«Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігіне жәрдемдесу» деген 1.2-мақсатта:

«2017 жыл» деген бағанда:

«058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» деген жолда «11 393 192» деген сандар «9 882 010» деген сандармен ауыстырылсын;

 «1.2-мақсаты бойынша нәтиже. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігіне жәрдемдесу» деген жолда «11 590 972» деген сандар «10 079 790» деген сандармен ауыстырылсын;

«Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету» деген 2.1. -мақсатта:

«2017 жыл» деген бағанда:

«068 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру» деген жолда «7 655 039» деген сандар «7 812 852» деген сандармен ауыстырылсын;

«056 «Әлеуметтік-еңбек саласын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер, жұмыспен қамту саясатын жаңғырту» деген жолдағы «2 177 615» деген сандар «2 176 167» деген сандармен ауыстырылсын;

«Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету» 2.1-мақсаты бойынша нәтиже деген жолда «9 832 654» деген сандар «9 989 019» деген сандармен ауыстырылсын;

«Азаматтардың еңбек құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету» деген 2.2. -мақсатта:

«2017 жыл» деген бағанда:

«034 «Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» деген жолдағы «107 588» деген сандар «96 240» деген сандармен ауыстырылсын;

«057 «Республикалық деңгейде еңбек саласындағы мемлекеттік ұйымдардың күрделі шығыстары және инфрақұрылымын дамыту» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

131 «Ғылым және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»

мың теңге

40 081

44 310

37 784

 

 

153 «Қазақстан Республикасының орнықты дамуына                  және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бағдарламалық жобаларды іске                                   асыру»

мың теңге

 

106 611

1 651 416

 

 

 

»;

«2.2-мақсаты бойынша нәтиже. Азаматтардың еңбек құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

2.2-мақсаты бойынша нәтиже. Азаматтардың еңбек құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету

мың теңге

206 528

215 372

1 785 440

110 098

126 000

»;

 «Стратегиялық жоспардың мақсаттарына жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар» деген жолда:

«2017 жыл» деген бағанда:

«001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» деген жолда:

«3 765 739» деген сандар «3 750 632» деген сандармен ауыстырылсын.

«055 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сонымен қатар оларға лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» деген жол мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

101 «Өкілдік шығыстар есебінен іс-шаралар өткізу»

мың теңге

 

2 784,8

998,9

 

 

138 «Министрлік қызметкерлеріндің біліктілігін арттыру»

мың теңге

 

 

15 704

 

 

»;

2. Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                    Т. Дүйсенова

                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ                                        

Қазақстан Республикасының        

Қаржы министрі 

                             

___________  Б. Сұлтанов 

______ жылғы  ______________          

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі   

     

___________  Т. Сүлейменов

______ жылғы _______________ 

ТіркемеМөлшер
PDF icon prikaz_424_gos.pdf5.24 MB
1 ақпан, 2018 - 12:24 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші