Еңбек қатынастары саласындағы жаңа тәсілдер Бас келісімде айқындалған | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Еңбек қатынастары саласындағы жаңа тәсілдер Бас келісімде айқындалған

жаңа тәсілдер

Жаңа келісім шеңберінде жұмыс берушілер мен жұмысшылар қауымдастығы, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәсіподақтардың жұмыс берушілермен тиімді өзара іс-қимылдары айқын анықталып, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау басты басымдықтар болып табылады.

Жалпы жұмысшылардың өндірісте зардап шегу деңгейінің төмендеуіне қарамастан, жыл сайын 1 жарым мыңнан астам адам (1678) түрлі өндірістік жарақат алып, шамамен екі жүз елудей (244) адам қаза табады.

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге берілетін әртүрлі өтемақылар 28%-ға немесе 2012 жылы  78 миллиард теңге болса, 2016 жылы 100 миллиард теңгеге дейін артты.

Сонымен бірге, соңғы үш жылда әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында айтарлықтай оң өзгерістер байқалады. Жаңа Еңбек кодексінде жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік араласудың шекаралары тараптардың мүдделері ескеріле отырып айқындалған.

Бүгінгі таңда 8 мыңнан астам кәсіпорын қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін 432 мың қызметкерге 5% -дық міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары аударымын жасап отыр.

Жұмыс берушілер көбіне бизнестің ауыртпалығы туралы мәселені көтереді, алайда олардың экономикалық шығындарына байланысты жеке шығындардың төмендеуі «олардың қолында».

Жұмыс берушілер көбінесе бизнестің ауыртпалығы туралы мәселені көтереді, алайда олардың экономикалық шығындарына байланысты жеке шығындарды азайтуы «өз қолдарында».

«Бизнес еңбекті қорғаудың тиімді жүйесін енгізу және кәсіптік тәуекелдерді басқару үшін шаралар қабылдауға қам-қарекет жасау қажет», - деп қорытындылады өз сөзін Еңбек министрі Тамара Дүйсенова.

 Жұмыс берушілердің жауапкершілігіндегі тағы бір кезігетін проблема - еңбек ақы қарыздары екенін министр қадап айтып.

Мәселен, өткен жылы 3 миллиард теңге көлемінде жалақы берешегі анықталса, бүгінде бұл 2,2 миллиард теңге болып отыр.

Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың осы мәселелерді жою жөніндегі уақтылы бірігіп атқарған шаралары еңбек ұжымдарындағы шиеленістің алдын алуға жағдай жасады. 

 

31 қаңтар, 2018 - 16:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші