X
egov

You are here

2017 жылы мүгедектігі, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеміне 255,9 млрд. теңге бағытталды

жәрдемақы төлемдері

255,9 млрд. теңге мүгедектігі, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеміне бағытталды.

2018 жылдың басындағы жағдай бойынша, мүгедектерге берілетін жәрдемақы көлемі орташа есеппен 33 087 теңге, асыраушысынан айрылғандар үшін – 12 719 теңге, және жасына қатысты – 12 719 теңге болды.

2018 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 16%-ға артты.

Осылайша, жалпы ауруға шалдыққан бірінші топтағы мүгедек – 54 306 теңге, екінші топтағы мүгедек  - 43 275 теңге, ал үшінші топтағы мүгедек – 29 416 теңге мөлшерінде жәрдемақы алады.

Аталған санаттағы адамдарды әлеуметтік қолдауға республикалық бюджеттен көзделген қаражаттың жалпы көлемі биыл 326,8 млрд. теңгені құрайтын болады.

12 қаңтар, 2018 - 12:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші