2017 жылдың қорытындысы бойынша республикаға 9 989 отбасы немесе 18 605 этникалық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алды.
Оралмандардың көбісі - 45,6% Өзбекстаннан көшіп келді, 43,6% - ҚХР-нан, 3,2% - Түркменстаннан, 2,4% - Моңғолиядан, 1,8% - Ресейден және 3,4% - басқа елдерден келгендер.
Оралмандардың ең көп бөлігі: Алматы - 4 119 отбасы (7 140 адам), ОҚО - 2 060 отбасы (3 377 адам), Астана қ. - 935 отбасы (1372 адам), Жамбыл - 597 отбасы (960 адам), ШҚО - 490 отбасы (1 007 адам), Маңғыстау облыстарына - 389 отбасы (2 008 адам) қоныстанды.
Еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар - 66,4%, 18 жасқа дейінгі балалар - 27,6% және зейнеткерлер – 6,0%-ды құрайды.
Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті жастағы оралмандар қатарынан 13,3%-ң жоғарғы, 22,7%-ң арнайы орта, 55,5%-ң жалпы орта және 8,5%-ң білімі жоқ.