2017 жылы 93 мыңнан астам адам кәсіби оқумен қамтылды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2017 жылы 93 мыңнан астам адам кәсіби оқумен қамтылды

2017 жылы жаппай оқытудың қорытындысы

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 93 мыңнан астам адам өзінің кәсіби дайындықтарын бастады.

Қысқа мерзімді оқумен 72 мың адам қамтылып, олардың 39,5 мыңдайы жұмысқа орналасты. 

Еске сала кетейік, аталған бағдарлама шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша ел азаматтары жаппай оқытудан өтіп, оларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қысқа мерзімді оқу арқылы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесімен және екінші мамандығымен алғашқы кәсіпті тегін ала алады.

Дегенімен, статистикалық мәліметтер жұмыссыздардың 25% -ы тек мектепте білім алса, ал өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың - 49% -ында арнайы білім мен кәсіби дағдылар жоқ екенін көрсетіп отыр.

10 қаңтар, 2018 - 13:09 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші