You are here

ҚР ЕХӘҚМ тағылымдама туралы ақпарат

ҚР ЕХӘҚМ тағылымдама туралы ақпарат

       Тағылымдама – қызметкердің тұрақты жұмысынан тыс орында қызмет ететін қызметкердің тиісті қызмет саласындағы кәсіби білім мен практика алуға бағытталған қызметі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы
20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес |Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) Министрліктің Еңбек, әлеуеметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне тағылымдама ұйымдастырылды.

 Министрлік тарапынан ұйымдастырылып отырған тағылымдаманың мақсаты кадрлық резервті қалыптастыру болып табылады.

Қағидаларға сәйкес тағылымдама басталғанға дейін жеке жоспар әзірленеді. Тағылымдамадан өтушілер тағылымдаманың аяқталуына екі жұмыс күні қалғанға дейін тағылымдаманың қорытындысы туралы, жеке жоспардың орындалуы туралы жазбаша есеп және тағылымдама барысында  алынған дағдылар, теориялық және практикалық білімдер туралы ақпарат ұсынады. Тағылымдама өткен құрылымдық бөлімшенің басшысы тағылымдамадан өткен қызметкерге тағылымдама қорытындысы бойынша пікір дайындайды.

 Министрліктің жауапты хатшысымен 2017 жылдың 4-тоқсанда бекіткен тағылымдама кестесіне сәйкес тағылымдамадан 40 адам өтті.

Министрлікте тағылымдамадан өту үшін критерийлер әзірленді. Тағылымдамаға жіберуші мемлекеттік органның/ұйымның басшысы келесі мәліметтерді көрсете отырып қызметкерге мінездеме ұсынады:

қызметкердің жауапкершілігі мен орындаушылығы, тәртіптілігі, басқарушылығы, еңбекке қабілеттілігі, бастамашылығы, лидерлік қасиеттері мен жұмысты ұйымдастыру қабілеттері, талдамалық қабілеттері, ұйымдастыруға деген ықыласы, мемлекеттік тілді білуі, әріптестерімен дұрыс жұмыс қарым-қатынастарын құра білуі, адамдармен тіл табыса білуі мен топта жұмыс жасай білуі, бағдарламалық өнімдермен жұмыс жасай білуі.

Қазіргі уақытта 2018 жылдың 1-жартыжылдығы үшін тағылымдама ұйымдастырылды.

 

 

 

9 қаңтар, 2018 - 19:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші