check

You are here

СҚО-да 17 мың адам жаңа форматтағы АӘК алады

СҚО

Солтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасы бойынша әлеуметтік көмекке бағытталған жаңа тәсілдер өз тиімділігі мен нақты нәтижелерін көрсетті.

Аталған жоба СҚО-да 2015 жылдан бері іске асырылып келеді, содан бастап 3000-ға жуық, яғни аз қамтылған 700 отбасына қолдау көрсетілді. Бұл шаралар облыстың аз қамтылған азаматтарының санын 19,8% -ға немесе 1 700 адамға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Атаулы әлеуметтік көмек жобасын іске асыруда дайындық шарасы негізінде, өңірде аз қамтылған отбасылар үшін үй-үйді аралау жұмыстары, әлеуметтік бейімдеу шараларының қажеттілігін анықтау мақсатында жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарымен облыстың 660 елді мекені қамтылып, 90 мыңнан астам адам ақпараттандырылды.   

Нәтижесінде, 17 мыңға жуық азамат, яғни 2 мың отбасы анықталды, олар жаңа форматтағы АӘК алатын үміткерлер.

Бұл отбасылармен әлеуметтік келісімшарттар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделу үшін жеке жоспарлар жасалды.

Жалпы алғанда, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 30 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 13 300 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды. Ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарға 3700-ден астам адам тартылды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіптік және техникалық оқудан 430-дан астам адам өтіп, еңбек нарығының сұранысына сай қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 2 300-ден астам адам білім алуға жіберілді.

27 желтоқсан, 2017 - 14:10 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші