You are here

Ішкі аудит қызметінің 2017 жылғы IV тоқсандағы қорытындысы

       Iшкі аудит департаменті 2017 жылдың IV тоқсанында аудит іс-шараларының жоспарына сәйкес келесі аудиторлық іс-шаралар өткізілді:

       Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің  Қарағанды облысы бойынша департаменті»  мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі - ММ)

      Ағымдағы жылдың қыркуйек айында сәйкестік аудиті жүргізілді, оның нәтижесінде мемлекетке зиянын келтірмеген Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасын сақталмауы 1 726,8 мың теңге сомасында қорытындыларына ықпал етпеген бұзушылықтар анықталды, сонымен қатар келесі процедуралық бұзушылықтар анықталды: мүгедектерді сауықтыру жеке бағдарламасына уақытылы және сапалы орындалуына  бақылау толығымен жүзеге асырылмады, қатаң есептілік бланктар бойынша түгендеуі жұмыс жүргізілмеді  және т.б. Қаржылық бұзушылықтар анықталмаған.

      Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін ММ аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.

      Бұзушылықтарды жіберген үшін қаржы және ұйымдық-техникалық  қамсыздандыру бөлімінің басшысына сөгіс және методологиялық және бақылау бөлімінің басшысына ескерту жарияланған.

 

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті»  мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі - ММ)

      Ағымдағы жылдың қараша айында сәйкестік аудиті жүргізілді, оның нәтижесінде қаржылық бұзушылықтар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзушылықтар болмауы, бұл ретте процедуралық сипаты бар бұзушылықтар анықталды: Медиа жоспарларының тармақтары уақытында орындалмау, мүгедектерді сауықтыру жеке бағдарламасына уақытылы және сапалы орындалуына  бақылау толығымен жүзеге асырылмады және т.б.

      Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін ММ аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.

      Бұзушылықтарды жіберген үшін № 1 зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің басшысына ескерту жарияланған.

 

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті»  мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі - ММ)

       Ағымдағы жылдың желтоқсан айында сәйкестік аудиті жүргізілді, оның нәтижесінде 347,7 мың теңге сомасы қаржылық бұзушылықтар және мемлекетке зиянын келтірмеген Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасын сақталмауы 7918,0 мың теңге сомасында қорытындыларына ықпал етпеген бұзушылықтар анықталды, сонымен қатар келесі процедуралық бұзушылықтар анықталды: Департамент Ережесінің  17 тармақшасы 10 бабына сәйкес мүгедектерді сауықтыру жеке бағдарламасына орындалу бойынша жеткіліксіз шаралар қабылданды, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі кейбіреу функциялары жүзеге асырылмады және т.б.

     Қалпына келтіруге 347,7 мың теңге сомасы жатады.

     Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін ММ аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.

     Аудит обьектісінде бұзушылықтарды жою жұмысы  жалғасуда.

       

 

 

 

.

 

      

     

 

      

 

 

25 желтоқсан, 2017 - 17:41 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші