check

You are here

Тұрақты дамудың мақсаттары

2015 жылдың қыркүйек айында БҰҰ-дің 70-ші Бас Асссамблеясы шеңберінде БҰҰ саммитінде 2015 жылдан кейінгі даму саласындағы күн тәртібін қабылдау бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев өзге БҰҰ мүше-мемлекеттердің басшыларымен бірге, Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бағдарлары Қазақстанның басымдықтары мен міндеттеріне толық сәйкес келетініне ерекше көңіл бөліп, бұдан былайғы жаһандық дамуға арналған жаңа құжатқа қол қойды.

ТДМ азаматтардың өмір сапасын арттыруға, мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және экологиялық тұрақтылығына бағытталған 2030 жылға дейінгі мақсаттар мен индикаторлардың кешенді әмбебап жинағы болып табылады.  

ТДМ 2030 жылға дейін жетуге тиіс 17 мақсаттан, сондай-ақ, оларға байланысты 169 міндеттерден және 242 индикатордан тұрады.

ТДМ үш компонентті біріктіру арқылы тұрақты дамуға жетуіне жәрдемдесуге тиіс: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Тұрақты дамудың үш компонентері арасындағы тығыз өзара байланыстың болуы климаттық өзгерістердің маңызды салдарлары және шектелген табиғи ресурстарды сақтау және «жасыл» экономикаға ауысу қажеттілігі айқын болған қазіргі жағдайда ерекше өзектілікке ие болады

Қазақстан үшін ТДМ әдіснамасын және индикаторларын енгізу, Қазақстанның бағдарламалық құжаттарын, ең алдымен, «Стратегии-2050»  және одан шығатын бағдарламалардың жаһандық даму мақсаттарына үйлесімдігін ескере отырып, ҚР стратегиялық жоспарлау және мониторингілеу жүйесін әлемдік стандарттарға жүйелік бейімдеуге мүмкіндік береді.

Жалпы, ТДМ немесе 2030 жылға дейінгі күнтәртібі көптеген аспектілерде Қазақстанның даму саласындағы салып жатқан күштерімен үйлеседі және оларға жету, сондай-ақ ТДМ жетудегі ілгерілікті мониторингілеу және бағалау үшін пайдалы және сенімді саяси негізі бола алады.

2016 жылдың қараша айында өткен Қазақстанның ТДМ іске асыруға және мониторингілеуге жылдам кешенді бағалау мақсатындағы БҰҰ ДБ халықаралық сарапшыларының міндеті  ТДМ нысаналы көрсеткіштерін ұлттық және салалық жоспарларға енгізудің жеткілікті жоғары дәрежесін көрсетті    - ТДМ міндеттерінің 61% ұлттық стратегиялық құжаттармен қамтылған.

ҚР Үкіметі қазіргі уақытта ТДМ ұлттық деңгейде тиімді іске асыруды, ҚР бағдарламалық құжаттары мен ТДМ ымырасын, жекеменшік сектордың, МЕБ және академиялық топтардың қосылуын қамтамасыз ету үшін үйлестіруші құрылымды белгілеу туралы мәселе қарастырылуда

2030 жылға дейін тұрақты даму мақсаттары:

1-мақсат. Барлық жерде барлық түрлердегі кедейлікті кедейлікті жою.

2-мақсат. Ашаршылықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту және ауылшаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу.

3-мақсат. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлығына кезкелген жаста сау болуына ықпал ету.

4-мақсат. Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету

5-мақсат. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.

6-мақсат. Барлығы үшін су ресурстарының болуын және оларды тиімді пайдалану мен санитарияны қамтамасыз ету.

7-мақсат. Барлығы үшін қымбат емес, сенімді, берік және заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

8-мақсат. Ілгерілемелі, барлығын қамтитын және тұрақты экономикалық өсімге, баршаның толық және өнміді жұмыспен қамтылуына және лайықты жұмысына жәрдемдесу.

9-мақсат. Тұрақты инфрақұрылымды жасау, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыруға және инновацияларға жәрдемдесу.

10-мақсат. Елдер ішіндегі және олар арасындағы теңсіздікті қысқарту

11-мақсат. Қалалар мен елдімекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге төзімділігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

12-мақсат. Тұтыну мен өндірудің оңтайлы модельдеріне көшуді қамтамасыз ету

13-мақсат. Климаттың өзгеруіне және оны салдарларына қарсы күрес бойынша жедел шараларды қолдану

14-мақсат. Мухиттерді, теңіздерді және теңіз ресурстарын тұрақты даму мүдделерінде сақтау және ұтымды пайдалану.

15-мақсат. Құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды оңтайлы пайдалануға жәрдемдесу, орманды оңтайлы пайдалану, шөлге айналуға қарсы күрес, жердің тозуы үдерісін тоқтату және кері бұру және биологиялық алуан түрліліктен айырылу үдерісін тоқтату

16-мақсат. Тұрақты даму мақсатында бейбітшіл және ашық қоғамды құруға жәрдемдесу, барлығына арналған сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және бұқараның қатысуына негізделген мекемелерді құру.

17-мақсат. Тұрақты даму мақсатындағы Жаһандық әріптестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру.

ТДМ индикаторы

ЕХӘҚМ индикаторы

Қандай құжатта

 

1-мақсат. Барлық жерде барлық түрлердегі кедейлікті кедейлікті жою.

1

Елдегі кедейліктің ресми шегінен төмен деңгейде өмір сүретін жынысы мен жасына бөлгендегі халықтың үлесі

  1. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен төмен халықтың үлесі
  2. Әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған 18 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы (балалардың жалпы санына қатысты)
  3. АӘК алушылардың құрамындағы еңбек етуге қабілетті халықтың үлес салмағы
  4. ШАК алушы жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне тартылған  ШАК алушылардың үлесі

Министрліктің стратегиялық жоспары

 

Ұлттық анықтамалар бойынша барлық түрлердегі кедейлікте өмір сүретін ерлер мен әйелдердің, барлық жастағы балалардың үлесі

 

Әлеуметтік қорғау жүйесінің ең төменгі деңгейімен қамтылған халықтың үлесі, жыныс бойынша, балалар, жұмыссыздар, қарттар, мүгедектер, жүкті әйелдер, жаңа туған нәрестелер, жұмыста мертігкен және кедейлер мен осалдар бойынша бөлінген

 

8-мақсат. Ілгерілемелі, барлығын қамтитын және тұрақты экономикалық өсімге, баршаның толық және өнміді жұмыспен қамтылуына және лайықты жұмысына жәрдемдесу.

 

2

 Жыныс және миграциялық статус бойынша Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) мен ұлттық заңнама құжаттар көздерінің негіздерінде ұлттық деңгейдегі еңбек заңнамасының сақталуының жағдайы (бірлестіктерге еркіндік және ұжымдық еңбек шартын жасау).

Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағы (ірі және орта кәсіпорындар арасында)

Министрліктің стратегиялық жоспары

 

3

Жыныс және миграциялық статус бойынша соңы өлімге алып келген және өлімге алып келмеген өндірістік жарақаттану

Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиiлiк коэффициентi)

Министрліктің стратегиялық жоспары

 

10-мақсат. Елдер ішіндегі және олар арасындағы теңсіздікті қысқарту

 

4

Қызметкердің жылдық табысының пайыздық мөлшеріндегі жұмысқа орналасу кезіндегі шығындары

Еңбекке ақы төлеу және өнімділік

Министрліктің стратегиялық жоспары

 

5

Бөлек стратегия ретіндегі немесе жұмыспен қамту саласындағы ұлттық стратегияның аясында жасалынған немесе іске асырылып жатырған жастарды жұмыспен қамтудың ұлттық стратегиясының бар болуы

Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі

Нәтижелі жұмыспен
қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы.

Сонымен қатар, индикаторды Көрсеткіштердің базалық тізбесіне қосуға ұсыныс берілді.

 

11-мақсат. Қалалар мен елдімекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге төзімділігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету

 

 

Мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне ыңғайланған қоғамдық көліктердің үлесі

Жүріп-тұруы қиын, оның ішінде көру қабілеті бұзылған мүгедектерге қоғамдық көлік пен жолаушы аялдамаларының қолжетімділігін ұйымдастыру

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 213 қаулысымен бекітілген) жоспарының үшінші кезеңіне (2016 – 2018 жылдар) қосылған.

 

 

Нашар көретін адамдардың қажеттіліктеріне ынғайланған бағдаршамдардың үлесі

1. Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнату

2. Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнату

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 213 қаулысымен бекітілген) жоспарының үшінші кезеңіне (2016 – 2018 жылдар) қосылған.

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon statya_kaz.doc60.5 KB
Image icon tseli-ustoychivogo-razvitiya.jpg185.75 KB
22 желтоқсан, 2017 - 18:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші