check

You are here

Еңбекмині қоғамдық кеңесінің қызметі туралы анықтамалық ақпарат

Еңбекмині қоғамдық кеңесінің қызметі туралы

анықтамалық ақпарат

 

Қазақстан Республикасы әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес – бұл Министрліктің қайта құрылуына байланысты ағымдағы жылғы 21 сәуірде құрылған азаматтық сектормен өзара ынтымақтастықтың жаңа институты (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 91 бұйрығы). Қоғамдық кеңестің құрамына ҚР кәсіптік ұйымдарының, жұмыс берушілердің, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің, заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдері және өзін-өзі ұсыну тәртібінде өз кандидатуралын ұсынған азаматтар енді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың құқықтарын, бостандығын және міндеттерін қамтитын Министрліктің нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, бюджеттік бағдарламалар, стратегиялық жоспардың жобасы Қоғамдық кеңестің келісіміне енгізіледі.

2017 жылғы 14 маусымдағы Қоғамдық кеңестің отырысында Министрдің әлеуметтік-еңбек саласында 2016 жылғы және 2017 жылғы 5 айдың қорытындысы, алдағы кезеңге қойылған міндеттері туралы есебі тыңдалды. Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігінің, Кәсіподақтар федерациясының, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

2017 жылғы 21 маусымда Қоғамдық кеңестің мүшелері Министрдің халық алдында есеп беру кездесуіне қатысты.

Ағымдағы жылғы 21 шілдеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері шеңберінде Министр Тамара Дүйсенованың Ақмола облысына жұмыс сапарына Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұмагельдиева Гүлнар қатысты.

2017 жылғы 15 тамызда Әлеуметтік-еңбек саласы жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері кәсіподақтардың өкілдерін, денсаулық сақтау, білім жұмыскерлерін шақырумен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылды.

Қоғамдық кеңес мүшелері:

- ағымдағы жылғы қыркүйекте Қарағанды қаласында «Қоғамдық кеңестер: қызметтің проблемалары және перспективалары»;

- ағымдағы жылғы 13 қарашада қоғамдық кеңес қызметін жетілдіру бойынша оң практикамен алмасу және ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қоғамдық кеңестердің І Республикалық Мәжілісіне қатысты.

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon spravka_os_kaz.doc27 KB
Бөлімдер:
6 желтоқсан, 2017 - 17:03 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші